$498.34 €519.72 ₽4.85
×

70 жыл бұрын жойылған жолбарыстар Іле-Балқаш аймағына қайта оралады

AstanaTV
08.09.2017ж. 20:00
3830
70 жыл бұрын жойылған жолбарыстар Іле-Балқаш аймағына қайта оралады

70 жыл бұрын жойылған жолбарыстар Іле-Балқаш аймағына қайта оралады. Бүгін Астанада Қазақстан мен Нидерланд өкілдері арасында екі жақты меморандумға қол қойылды. Жоба он бес жылға созылмақ. Мамандар ең алдымен тарихи тіршіліктің жандануына екпін жасайтынын жеткізді. Дүйім жұртты толғандырып отырған "алғашқы жолбарыстың аяқ басар уақыты қашан?" деген сұраққа мамандар жауап бере алмады. Эко жүйені қалпына келтірудің өзі 7-10 жылдай уақытты талап етеді.

Марлен Айнабеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитет төрағасының міндетін атқарушы:

Экосистеманы құру үшін орман салу қажет. Аңды көбейтуіміз керек. Жоба негізі он бес жылға.  Ең ыңғайлы - бұл Балқаш өңірі. Бюджеттен 117 миллион бөлінеді. Сосын WWF-тен 10 миллион евро ақша бөлінеді.

Жолбарыс полуляциясына жағдай жасау мақсатында Алтынемел мемлекеттік саябағынан құлан, тоғай бұғысы және басқа да тұяқтылар көшіріледі. Бастапқыда теңбіл жыртқыштар қаумалға орналастырылады деген жоспар бар. Кейін толыққанды популяцияға жол ашылмақ. Жолбарыстардың басым бөлігі көршілес Ресей елінен әкелінеді.