Тараз қаласында жол мен көше жарығының жоқтығы, жұрттың жүйкесін әбден жұқартқан. Неше жылдан бері жоқ-жоқтың жырын айтып бармаған жер, қақпаған есіктері қалмапты. Тұрғындар жергілікті билік бәрін біледі, бірақта білмегенсіп отыратынына таңғаламыз дейді. Қалалық әкімдіктің құрғақ уәдесінен күдер үздік деген бұқара, жоғарыдағылар естісін дейді. Ашынған ағайынмен тілшіміз тілдесіп қайтты.
Қант зауыты ауданының тұрғындары, қалада тұрып қараусыз қалдық деп қала әкімдігіне қапалы. Тәуелсіздік алғалы ел өркендеп жатса, ал біз керісінше кері кетіп барамыз дейді. Бір емес жеті көшеде жарық, пен жол жоқ екен. Жылдар бойы айтып шаршаған аудан тұрғындары, тоз-тозы шыққан көшегі шығып айқайлаудан басқа амал қалмады дейді.
Салиха ТҰҢҒЫШБАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көрмейсіз ба светте жоқ жол да жоқ. Мынау трассаның бойы. Мынау Барысханды бізден кейін салды. Ол жерде 30 метр сайын светте бар, асфальт бар, газ бар. Неге? Ол жерде әкім тұрады деп естідім.
Айдар БЕКАЙДАРОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Кішкене жел тұрса болды свет өшіп қалады бізде. Өйткені мына көшеде столбы бар ма, анау көшеде столбы бар. Басқаларда жоқ әшейін тарта салған. Әркім өздері істеген. Бізге сол ең қажеттісі қазір мынау асфальт пен жарықты істеп берсе болды. Бірақ оны әкімшілікке талай айтылды, олар біледі жылда айтылады жылда уәде береді.
Ата-аналар балаларын мектепке жіберіп, жанымызды шүберекке түйіп отырамыз дейді. Себебі осыдан үш жыл бұрын дәл осы жердегі мектептің әжетханасында болған зорлық дерегі, дүйім жұртты дүрліктіргенін еске алды. Жарықтың жоқтығынан осындай жағдай қайталанама деп қорқады. Өйткені балалар түрлі үйірмелерден кешкесін үйге оралады екен.
Аманжол САФУДДИН, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мынау жерден жаңадан спорт школа ашылған оған дұрыс бара алмаймыз. Жол батпақ, жарық жоқ, тас қараңғы, қорқамыз.
Қала әкімдігі болса, жарық мәселесі жуықарада шешілмейтінін кесіп айтты. Өйткені бұл аймақтағы көшелерді жарықтандыруға қазіргі электрстансасының қуаты жетпейтін көрінеді. Ал, жаңа станса салуға қаржы қол байлау болып отыр дейді.
Асхат ЕСЕНАЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі таңға 1,7 млрд-қа 14 мөлтек ауданының үлкен линияны жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жобалық сметалық құжаттарының барлығын дайындап, Республикаға біз өтілім беріп қойғанбыз. Қазір Республикалық бюджеттің нақтылау кезінде сол қаражат бөлінген жағдайда сол линияларды тартамыз.
Ал, жолдың жыры тіпті созылатын түрі бар. Бұл ауданға алдымен «ҚазТрансГаз» аймақ газ құбырларын жер астынан өткізу керек. Ол екі жылдан соң аяқталады деп жоспарлап отыр. Одан кейін барып тас жолды төсейміз дейді шенділер. Қант зауыты ауданы тұрғындары үшін, жол мен жарықтың жыры әлі біраз төзімді тауысатын түрі бар.
Б.Жұмабайұлы