Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Қазпошта» «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына 20 жыл» пошта маркаларын айналымға енгізді

AstanaTV
08.09.2017ж. 20:00
3117
«Қазпошта» «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына  20 жыл»  пошта маркаларын айналымға енгізді

«Қазпошта» «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына 20 жыл»  пошта маркаларын айналымға енгізді. Бүгін XI Еуразиялық энергетикалық форум аясында мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды. Айтулы шара еліміздегі мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен тұспа-тұс келді. Мерейтойлық марка Беларусьте басылып шыққан. Төрт түсті бояумен және офсеттік тәсілмен безендірілді. Сондай-ақ, ультракүлгін бояуының қорғау элементтері қолданылған. Пошта маркасының номиналы - 50 теңге, таралымы - 50 000 дана.

Димаш Досанов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры:

Мерейтойлық пошта маркасын шығару «ҚазТрансОйл» АҚ үшін дәстүр десек те болады. 2007 жылы компанияның 10 жылдығына арналған марка айналымға шыққан болатын. Ал бүгін компаниямыздың жасампаздық пен жетістіктің 20 жылдық белесіне арналған мерейтойлық пошта маркасын айналымға енгізудің салтанатына қатысып отырмыз.

«Қазпошта» АҚ бүкіл еліміз бойынша магистралды мұнай құбырлары жүйесін дамытуды қамтамасыз етіп отырған, Қазақстанның ең ірі компаниясының айтулы күніне орай  естелік пошта маркасын, конверттер мен тематикалық буклеттер шығарды. Бұларға, әлбетте, әлем филателистері мен еліміздің тұрғындары қызығушылық танытары сөзсіз.

Ұзақбай Қарабалин, "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені қауымдастығы төрағасының орынбасары:

Компанияның дамуы  тәуелсіз Қазақстанның тарихымен қатар өріледі. Компания мұнай-газ саласында жетекші орынға ие. Өз қызметі арқылы Қазақстанның әлемдік нарықта өндірістік және экономикалық тұрғыда дамуына зор ықпал етті деп сеніммен айта аламын.

Форум аясында Қазақстанның мұнай-газ өндірісі тарихын қамтыған танымдық кітаптың да тұсауы кесілді. 1500 данамен шыққан энциклопедия елдегі оқу орындарының кітапханаларына таратылады.