30 жылда Атырау облысында мұнай өндірісі 12 есеге артқан. Ел экономикасының күретамыры саналатын мұнай-газ секторының арқасында, Атырау облысы бүгінде көркейген. Қойыны қара алтынға толы өлкеде тәуелсіздік алған жылдардан бастап отандық өндірістерге инвесторлар тартылды. Бүгінде кен орындарында жүз мыңдаған адам еңбек етуде.
Бүгінгі күні Атырау облысы мұнайлы астанаға айналған. Тәуелсіздік алғалы өнеркәсіп қарқынды даму үстінде. Отыз жыл ішінде мұнай өндіру көлемі 12 есеге, ал ілеспе газ 35 есеге артқан.
Абдуахит ӘБІШЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Оған қол жеткізіп отырған себебіміз ең ірі үш компаниямыз бар. Бүгінгі таңда Теңізшевроил компаниясы 25 млн тоннаның үстінде мұнай өндіреді жылына. НСОС компаниясы ол 15 млн тоннаға жуық мұнай өндіреді жылына. Ембімұнайгазымыз бар ол 2 млнның үстінде мұнай өндіреді. 2,6 млн тонна жылына. Осылардың арқасында осылар күнбе күн жыл сайын жаңа технологиялар әкеліп, мұнай көзін әрмен қарай барлап , тауып өндіріп ұлғайтуда.
Бұл жылдары облысқа 28,8 триллион теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде табысты һәм ауқымды жобалар жемісін берді. Елбасы мұнайдың ел үшін пайдасы орасан екенін аатап өткен еді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ (30.09.2014 ж.):
Мұнай мен газ - ол біздің негізгі байлығымыз. Сондықтан бізге "шикізатты" ел болудан қорқудың еш қажеті жоқ. Алла қалап, бізге шикізатты молынан беріп отыр. Ал біз соны сатып, ақша табамыз. Тапқан ақшамызға заманауи индустрияны жасақтауымыз қажет.
Бүгінге өнеркәсіп кәсіпорындарында 40 мыңға тарта адам жұмыспен қамтылған. Оның 12-і мыңы өңдеу өнеркәсібінде еңбек етеді. Тәуелсіздік жылдары елде ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мұнай-химия кешенін құрылды.
Абдуахит ӘБІШЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Көптеген зауыттар ашылды. Атап айтсақ, құбыр өндіретін зауыттар ашылды. Үлкен ажуапкершілігі шектеулі серіктестіктер өздерінің дәнекерлік бағытында жұмыстарын атқарып жатыр. Мұнайдың қашауларын шығаратын үлкен зауыттар ашылып, жұмыс жасауда. Полимер продакшн пропилен өндіріс терін шығаруда. Бұдан басқа рауан налько деген атырау өңірінде иновациялық тұрғыдан бағытта жасап жатқан компаниялар көп.
Бүгінде өндірістік процестерге жаңа технологиялар мен цифрлық инновациялық шешімдерді енгізу қолға алынған. Атырау облысындағы 27 мұнайгаз өндіру кәсіпорынының 7-уін цифрландыру бойынша жол картасы жасақталды.
Б. Надірқызы