Алматыда сұмдық қылмыс орын алған. Қаніпезер бойжеткеннің денесін бөлшектеп тастаған. Қоғамдық қор өкілдері, күдіктінің де медициналық білімі болған деп отыр. Аяусыз өлтірілген Аяжан Еділованың жақындары, Президенттен көмек сұрайды. Олар қаныпезер жауаптан жалтара ма деп қауіптенеді. Сұмдық жағдайдың жай-жапсарын, әріптесім баяндайды.
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
19 жастағы бойжеткен 19-шы наурыз күні кешкі сағат 8-дер шамасында жұмыстан шыққан. Бірақ өзі тұрған жатақханаға содан бері оралмады. Бойжеткеннің жақындары, ертеңінде полицияға арызданыпты.
Алмат МҮЛІКОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:
Полицияға «қыз жоғалды» деп хабарласқанымызда «қыздарың қыдырып, ішіп жатқан шығар бір жерде» - деп тұтқаны қоя салды. Ол аздай мереке деп, іздеу жұмыстарын кеш бастады. Біз өзіміз еріктілермен бірге, Аяжанды жұмыстан алып кеткен такси жүргізушісін таптық. Содан кейін әлгі мекен-жәй белгілі болды.
Тәртіп сақшылары, жоғалған бойжеткеннің мәйітін осы із бойынша тапқан. Бірақ адам шошырлық жағдайда болған. Бөлшектелген денесі Нұркент ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйден табылған.
Алмат МҮЛІКОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:
Отрезал голову и варил. Қыздың басын денесінен бөлек кескен. Оны суға қайнатқан. Басынан тек сүйегі қалған. Тырнақтары мен саусақтары бір-бірінен ажыратылып жатыр. Бұл нағыз жауыздық, қаніпезерлік қой. Біздің айтарға сөзіміз жоқ.
Марқұм Аяжан Еділова қаладағы атақты сән академиясының 4-ші курс студенті болған. Әрі қыздың авторлық дизайнерлік туындыларын сататын интернет-дүкені де бар көрінеді. Бойжеткеннің жақындары қанды қылмысты жасаған қасқөй жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Сондықтан олар қоғамдық қордан көмек сұрапты.
Дина СМАИЛОВА, ҚОҒАМДЫҚ ҚОРДЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
Күдіктінің жоғары медициналық білімі бар. Фармецевт жігіт екенін анықтадық. Ол өз саласының тәжірибелі маманы екенін қыздың денесін тиянақты бөлшектегенінен-ақ білуге болады. Сонда оның мақсаты не болды? Қыздың ағзасын өз пайдасына жаратқысы келді ма. Түсініксіз.
Аяжан үйдің ортаншысы екен. Үлкен ағасы мен інісі бар. Ал ата-анасы қазір Талдықорғанда. Ал Полиция Департаменті қанды қылмысқа қатысты тергеу мен сот медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Полиция қызметкерлері үйге ене салысымен бұл жігіт өзіне-өзі қол жұмсағысы келді. Бірақ іс-әрекеті орын тапқан жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, міндетті түрде бұл жауыздықпен жасалған сезіктің заң әлде қатаң жауап беретін болады.
Сондай-ақ, Полиция Департаменті күдіктінің бұрын соңды сотталмағанын баяндайды. Ол 1993 жылы туылған Түркістан облысының азаматы екенін айтты.
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
Дегенмен марқұмның жақындары кінәлі азамат психикалық науқас ретінде жауапкершіліктен жалтарып кете ме деп қорқады. Олар оған ауыр қылмысы үшін ең қатал жаза тағайындауын талап етуде. Тіпті қылмыстық істі Президент пен Ішкі Істер министрлігі өз бақылауына алғанын қалайды.
Ә. Лесбек