Алматы облысында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын, «Nur Otan» партиясының аймақтағы өкілдері бақылауға алды. Партиялықтар құрылыс алаңдарына барып, жұмыс барысымен танысты. Қапшағай қаласындағы 50 пәтерлік мына баспана бір айдан кейін пайдалануға берілмек. Құрылысқа бюджеттен 500 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген. Айтып өтейік, салынып жатқан құрылыстың сапасын бақылау, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасынан орын алған мәселелердің бірі еді.
Гүлнәр ТОЙЛЫБАЕВА , «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі мынау 50 пәтерлік тұрғын үй халықтың игілігіне беріледі деп отыр. Мамыр айының аяғында. Сондықтан осы үйдің тұрғындары кезекте тұрған осы Қапшағай қаласындағы тұрғындар алады деп отыр. Осы мәселеге байланысты бізде бұл құрылыс аяқталғанша басты назарда ұстайтын боламыз.
Жалпы жыл аяғына дейін, аймақ атқамінерлері 500-ден астам пәтер беруді жоспарлап отыр. Бақылау кезінде партиялықтар жаңа үйлердің аулаларын абаттандыру және инженерлік желілер тарту жұмыстарының барысымен де танысты.
Ә. Лесбек