Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қазақстан құрамасы Франциядан 0:2 есебімен жеңілді

AstanaTV
29.03.2021ж. 20:00
1161
Қазақстан құрамасы Франциядан 0:2 есебімен жеңілді

Хабарымыздың соңында спорт ақпараты. Қазақстан құрамасы Франциядан 0:2 есебімен жеңілді. Осылайша Ұлттық құрама 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңін, жеңіліспен бастады. Екі гол да бірінші таймда салынды. Ойынның 20-шы минутында Барселона клубының шабуылшысы Усман Дембеле есепті ашты.

Екінші автогол - Сергей Малыйдың атына жазылды. Бірінші тайм аяқталар тұста, бұрыштамадан көтерілген допты қорғаушы абайсызда өз қақпасына бағыттап, есепті еселей түсті. Айта кетерлігі, автоголдан бұрын Сергей Малый, допты бос қақпадан алып шығып, голдан аман алып қалған еді. Ал екінші таймда әлемнің ең қымбат ойыншысы – Киллиан Мбаппенің есепті 0:3-ке жеткізетін мүмкіндігі болды. Бірақ қақпашы Александр Мокин пенальтиді қайтарып, жанкүйерлердің бөленді. Ал Франция құрамасының қақпашысы Уго Льорис-ке ұлттық құрама жігіттері, бір де бір дәл соққы бағыттай алмады.


Ә. Өмірзақ