Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодар облысында шаруа қожалығы мемлекеттің қорғауындағы аумақта мал ұстап отыр

AstanaTV
29.03.2021ж. 20:00
3071
Павлодар облысында шаруа қожалығы мемлекеттің қорғауындағы аумақта мал ұстап отыр

Павлодар облысында шаруа қожалығы, мемлекеттің қорғауындағы аумақта мал ұстап отыр. Баянауыл ауданына қарасты Біржанкөл ауылының тұрғындары, енді төрт түлігін жаярға жер таппай қалған. Базыналы бұқараның айтуынша, кәсіпкер ауылдағы көлдің жағасын меншіктеп алыпты. Маңайына тірі жан жолатпай отырын айтып, ағынан жарылды. Жолы жоқ шалғайдағы ауылға әріптесім Өзгеріс Қуанар барып келді.

Бұл ауылға жетудің өзі оңайға соқпады. Елді-мекенге жол жоқ. Шалғайдағы ауыл Біржан көлінің жағасында орналасқан.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Дауға айналған осы көл. Мұнда шаруа қожалығы салынғалы тұрғындардан маза қашқан. Төрт түлікпен ғана күн көріп отырған тұрғындар мал жаятын жер қалмағанын айтады.


Қанағат САНСЫЗБАЕВ, БІРЖАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

200 бас қара малы бар, 800 бас қойы бар дегендей. Сондықтан біздің ауылға жайылым болмай қалды вообще қысқаша айтқанда.

Даудың басы, шаруа қожалығы иесің былтыр жазда көл жағасына қора-қопсы салуынан басталған. Ауылдағы ағайын бұған дейін малын көлдің арғы бетіндегі қыратқа жайып келіпті. Елді-мекен осы көлдің атымен аталған. Қазір бар жоғы 20-ға тарта ғана үй ғана қалған. Ауылда малдан басқа тіршілік көзі жоқ.  

Жаңбырбай ЖҰМАДІЛОВ, БІРЖАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүкіл ауылдың малдарына жер тарылды. Ешкім бізбен санаспайды. бізді дауға әкеліп тіреген соның арқасы. Мынау көлдің бәрін ластап. Мынау Лесхоздың көлі. Әне, балықшылар бәрі жатыр.

Тұрғындар шаруашылықтың көлді ластап жатқанына да ашулы. Қожалық қыс бойы малын көлден суат жасап суарып келіпті.

Үміткен ӘУБӘКІРОВА, БІРЖАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Малдарын көлге айдап әкеліп ылғи суарып отырады. Бірнеше рет көрдік. Әкімге де айттық. Әкім ойбай әкетеміз әкетіміз деді де қойды.


Ал ауыл әкімі болса, проблеманың барлығын жоққа шығарды. Оның  айтуынша жайылым жер жеткілікті.  

Самат ЫБЫРАЙҰЛЫ, ҚҰНДЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Ауылдың малы көлдің ар жағында жайылатын. Ол жер заң бойынша зем запастың жерлері. Сондықтан сол жерден берілген жер. Ауыл ауыл болғалы әкімшіліктің белгіленіп берілген жері бар. 1300 гектар мал жайылымы маған қарайтын ауыл әкіміне қарайтын.


Десе, де, тұрғындар әкіммен келіспейтіндерін айтып, үре түрегелді.

Шаруа қожалықтың басшысы да бұл мәселеге қатысты түсінік берді. Ол көл жағасына үй мен қора салғанда тұрғындардан қарсылық болмады – деп отыр. Ал жерді заңды түрде алғанын айтты.

Аспандияр МҮБӘРАК , "АСПАН" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Заң бойынша біздің қателігіміз жоқ. Салып жатқан салынған дегендей. Біз бәрін заң бойынша істеп жатырмыз бірден. Екіден, жеңілсек әрине соттың шешімі болса әрине не істеймін. Еңбектерімімен салған үйім мен базымды басқа жерге көшіруге міндетті болам.


Баянауыл ұлттық табиғи паркі басшысы да, қожалық иесі заңды өрескел бұзып отыр деді. Біржан көл мемлекет қорғауындағы нысан болғандықтан, бұл маңда мал ұстауға рұқсат етілмегенін жеткізді. Сол себепті шаруашылыққа көлді ластағаны үшін қомақты айыппұл да салыныпты.    

Сүйіндік АХМЕТЖАНОВ, "БАЯНАУЫЛ" ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


Бірінші сотта өздері берді хозяйка айтты сендерге сотқа береміз - деді. Біз бер - дедік. Сол кісінің инциативі бойынша сот болды да, ол ұтылды. Біз ұттық ол жерден. Енді екінші сотты біз берейік деп жатырмыз Ұлттық табиғи парк.


Көлден жанынан жер алған фермердің әкесі бұрын осы ұлттық паркті басқарыпты. Соған қарағанда бұл жердің қолайлы екенін әкесі жақсы білсе керек. Ұшыққан жер дауы сотқа жеткен. Ендігі шешімді солар шығаратын болады.

Ө. Қуанар