Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елбасы Ахметжан Есімовке алғыс білдірді

AstanaTV
29.03.2021ж. 20:00
1079
Елбасы Ахметжан Есімовке алғыс білдірді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ахметжан Есімовке «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымында атқарған жемісті қызметі үшін алғыс білдірді. Ол өз сөзінде, қор - дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп, БҰҰ есебінде халықаралық үздік жиырма қордың қатарына қосылғанын атап өтті. Өз кезегінде Ахметжан Есімов Қордың жеткен жетістіктері, Тұңғыш Президенттің еңбегі екенін атап өтті. Халықтың тұрмысын жақсарту және мемлекетімізді гүлдендіру бағытында жүргізген саясатының арқасында, еліміз қол жеткізген толағай табыстың шағын бір бөлігі деп бағалады.