Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Елордада үш ай ішінде 101 үй өртенген

Елордада үш ай ішінде 101 үй өртенген

Елордада күн сайын бір үй өртенетін болған. Өткен үш ай ішінде 101 үй қызыл жалынға оранған. Бұл туралы төтенше жағдай департаменті мәлім етті. Олардың дерегінше бұл көрсеткеш былтырғы жылмен салыстырғанда 58 пайызға артыпты. Тілсіз жау соңғы кезде неге жиілеген? Толығырақ алдағы сюжетте.

Бұл - сол жағалауда орналасқан «Алатау» тұрғын үй кешені. Өрт түңгі сағат 12-лер шамасында басталған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 техника жеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен түнгі уақытта 18 қабатты үйдегі тұрғындардың көпшілігі қауіпсіздік үшін жаппай далаға шыққан.

Сәукен ДАНИЯР, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына жақта біз күтіп тұрдық, біраз уақыт. Бала-шағамызбен бәріміз осы жерде отырдық. Көлігімізге тығылып, түнгі 12-де басталды ғой соның бәрі.

Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған, үш бөлмелі пәтердегі жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып кетіпті. Ал, төтеншеліктер өрттің себебі- сөндірілмеген темекі тұқылынан деп отыр. Айта кетейік, мамандар қаладағы тілсіз жаудың жиілегеніне алаңдаулы. Оған түрлі себептер бар дейді.

Аягөз ФАЗЫЛОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Тұрғын секторларда өрттердің көбею себебі, бұл қаңтар және ақпан айларында аяздың қатты болуынан, пештің ақаулығынан болып тұр. Электр жылытқыш құралдарын қолданғаннан. Абайсыздықтан, өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан, өрттердің осындай себептері көбейіп тұр.

Иә, себептер әртүрлі болуы мүмкін, алайда салдары күрделі. Жауапсыз тұрғындардың залалы басқаларға тиіп жатады. Өртке оранған пәтерде тұратындар енді айыппұл төлеуі мүмкін. Айтпақшы пәтерді өртегендер,  баспананы жалға алған. Мұны осы үйде тұратындардың бірі айтты. Қазір арнайы сараптама жасалуда, соның нәтижесіне сай, қандай да бір шешім қабыданбақ.  

Б. Сатуов