Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Цой - тәжірибесіз министр, - саясаттанушы

AstanaTV
31.03.2021ж. 20:00
1872
Цой - тәжірибесіз министр, - саясаттанушы

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай алмай жатыр. Әсіресе, Денсаулық сақтау министрі халықты жаппай вакцинациялауды бір жолға қоя алар емес. Бүгінгі мәжіліс отырысында депутат Ирина Унжакова, Алексей Цойдың жұмысына, шала деп шүйлікті. Оның коронавирусқа қарсы екпе салдыруға жасаған үндеуінен нәтиже болмай тұр. Неге? Сауалға жауап іздеген әріптесім Асылбек Данияр, саладағы өзгеде кемшіліктерді анықтады.  

Денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі жұмысы елдегі індетті тоқтатуға қауқарсыз. Тіпті, коронавирус жұқтырғандарды азайта алмай отыр. Осыған алаңдаған мәжілісмен Ирина Унжакова, Үкімет басшысына депуттатық сауал жолдады. Оның пайымынша жаппай вакцинациялауға халық түгілі, жауапты министрліктің өзі дайын емес. Өйткені...

Ирина УНЖАКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Аймақтардағы емханаларда вакцина қол жетімсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты вакцинациялау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Нәтиже қайда? Израиль, Ұлыбритания, Сингапур сияқты елдер тұрғындарының жартысынан 90% -на дейін екпе жасатқан. Ал, Қазақстандағы статистиканы айтуға тіл бармайды. 1 пайыздан да төмен. Егер елде вакцинация осы қарқынмен жүре берсе, 19 миллионның 70 пайызына жету үшін 15 жыл керек. Оны есептеу үшін "супер"математик болу шарт емес.


Сонымен бірге, мәжілісмен министрліктің COVID-19-бен тиімді күресіп жатқанына күмән келтіреді. Айтуынша, қаржы мәселесі шешілген. Бірақ, қалыптасып отырған эпид ахуал ведомстваға былтырғы жағдайдың сабақ болмағанын көрсетті, дейді. Бұл сөзбен экс-сенатор Уәлихан Қайсаров та келіседі.

Уәлихан ҚАЙСАРОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Біздің Қазақстанда қазір вакцинация деген ұғымды мысалы мен оны өзім сезіп отырған жоқпын. Қайда жасалып жатыр? Кімге салынып жатыр? Вакцина салатын орындар қай жерде? Оның бәрі түк түсініксіз. Ешкім ешнәрсені білмейді. Өйткені ешкімге министрліктен ешқандай түсінік беріп тұрған жоқ.

Саясаттанушы да коронавирустың үшінші толқынына денсаулық сақтау министрлігінің дайын болмағанын сынға алды. Олар ресми статистиканы жасырып отыр, дейді. Ауырып жатқандардың қатары қазіргіден де көп болуы мүмкін деп отыр.

Уәлихан ҚАЙСАРОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Дайын емес, мүлдем дайын емес. Өйткені, вирустың ескі түріне министрліктің шамасы келмей отыр.  Министр тәжірибесіз болғандықтан, оның маманы болмағандықтан осының бәрі содан болып отыр. Бекшин болмағанда осы пандемияға Біртанов болсын, Цой болсын қазіргі деңгейге де жеткізе алмас еді.


Дегенмен ресми статистика бойынша өткен тәулікте COVID-19-дың оң нәтижесімен 1600-ден астам, ал теріс көрсеткішпен 82 жағдай анықталған. Науқастардың дені Алматыда. Мұндағы "Halyk Arena" спорт кешеніне төсектер қойылып, кесел жұқтырғандарды қабылдау басталып кеткен. Бұған дейін мегаполистің бас санитарлық дәрігері төсек-орын жеткілікті деген болатын. Бұл сөзі шындыққа жанаспағаны ма?

Отандық "Qaz Covid-in" вакцинасы сынақтан өтпей қалды. Бұл ақпарат жалған, дейді Білім және ғылым министлігіндегілер. Екпенің клиникалық тексеруіне 3 мыңнан астам адам қатысқан. Олардың денсаулығы шағымы болмапты. Препарат ресми расталмай жатып алғашқы партиясын шығарып үлгеріпті.

Күнсұлу ЗАКАРЬЯ, ҚР БҒМ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:


Таяуда үшінші фазаның 50 пайыз зерттеулері аяқталады. Одан кейін біздер бұл есепті денсаулық сақтау министрлігіне жіберіп олардың рұқсаты болғаннан кейін ғана бұл өнімді адамдарға бере аламыз.


Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Отандық вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаса, сәуірдің соңында қолданысқа жіберілуі мүмкін. Оны Президенттен бастап, денсаулық сақтау министріне дейін тағатсыздана күтіп отыр. Десе де, мәжіліс депутаты дәрі шығарылатын Жамбыл облысындағы фармкомпания тұрғызғанымен, ішінде ешқандай техникасы жоқ екенін айтып отыр.

А. Данияр