Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Бразилияда зираттардағы ескі мәйіттер қазып алынып жатыр

AstanaTV
02.04.2021ж. 20:00
1764
Бразилияда зираттардағы ескі мәйіттер қазып алынып жатыр

Бразилияда адам шошырлық жағдай. Зираттарда орын болмаған соң, бұрын көмілген мәйіттердің қабірлерін бұза бастаған. Бұған ел билігінің өзі рұқсат беріп отыр, дейді Reuters агенттігі. Тек Сан-Пауланың өзінде күніне 419 адам жерленетін көрінеді. Бұл пандемия басталғаннан бергі, ең жоғары көрсеткіш.  Аталған агенттіктің хабарлануынша, жерленген адамдардың қабірлері ашылады. Олардың сүйектері басқа жерге жеткізіліпті. Дегенмен сарапшылардың пайымынша жағдай күннен күнге қиындай бермек. Өйткені 200 миллионнан астам адамның тек 8% -ы коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

Франциско СИЛВА ПЕРЕЙРА:
 
Ақыры мен вакцина салдырдым. Құдай, бұны бәрінің алдын алуға көмектеседі деген сенімдемін. Менің балаларыма, мысалы, әлі екпе егілмеді. Дәрі-дәрмектің қашан жеткізілетіні белгісіз.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауруханалар кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін тағы  ескертеді. Елде қарқынды терапия бөлімшелерінің 90% -ы толған. Тәулігіне өлім саны 4 мың адамға жетті. Ахуал шиеленіскенімен билік шектеу шараларын енгізуге асығар емес. Еске сала кетсем, COVID-19-дың әлемдік статистикасында, індет құрбандары дерегі бойынша Бразилия, АҚШ-тан кейінгі орында тұр.

А. Данияр