Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырауда өз ауласынан мәйіті табылған қарияның өліміне қатысты іс тоқтап қалды

AstanaTV
02.04.2021ж. 20:00
2543
Атырауда өз ауласынан мәйіті табылған қарияның өліміне қатысты іс тоқтап қалды

Атырауда бүтін бір ауылды үрей құшағына бөлеген қылмыстық іс тоқтады. Жан түршігерлік оқиға, биыл қаңтар  айында Махамбет ауданындағы Таңдай ауылында тіркелген. 82 жастағы қарияның мүрдесі, өзі тұрған үйдің  ауласында көміліпті. Сол кезде әлеуметтік желіде: "мәйіттің бөлікке бөлініп, бірнеше айдан бері сақталғаны" да желдей есті. Бұл қауесет аядай ауылдың үрейін ұшырған еді. Тұрғындар күдікке зейнеткермен бірге тұратын қарындасының қатысы болуы мүмкін екенін де айтқан болатын. Полиция қылмысқа кінәлі адам таппаған.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Махамбет ауданы Таңдай селосында  82 жастағы ер адамның табылған мүрдесіне қатысты  қылмыстық іс қылмыс құрамы болмауына байланысты  тоқтатылды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес,  ер адамның мүрдесінде  дене жарақының іздері  анықталмаған.


Екі айға созылған тергеу тоқтатылып, қазір проокуратураға жолданды. Ал қылмыстық іс басталғанда мектептен шеттетілген марқұмның мұғалім қарындасы әлі жұмысына оралмапты.

Серік ҚОЙБАҚОВ, Қ.АХМЕДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Өзі ішкі істер бөлімінің хабарламасын алып, маған істің өндірістен тоқтағандығы жөнінде  айтып, жұмысқа алуымды сұрап келді. Мен өзінің заңдылықтарын түсіндіріп айтып жібердім. Прокуратурада ішкі істер бөлімінің берілген хабарламасының заңды-заңсыздығы жөніндегі мәселелер қаралып жатыр. 15 күн ішінде қаулы прокуратура шығарып беру керк. Содан кейін жұмысқа алу алмау жөніндегі  мәселе қаралады.


Б. Надірқызы