Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бес өңірдің атқамінерлері оқушыларға ноутбукқа бөлінген қаржыны жымқырған

AstanaTV
02.04.2021ж. 20:00
2144
Бес өңірдің атқамінерлері оқушыларға ноутбукқа бөлінген қаржыны жымқырған

Оқушыларға ноутбук алуға бөлінген қаржыны жымқыру фактісі, 5 өңірінде тіркелген. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, осыған қатысты 6 қылмыстық істің тергеліп жатқанын айтты.

Данияр БЕКАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ТЕРГЕУШІСІ:

2020 жылы Үкімет резерві есебінен компьютер, планшет және ноутбуктер сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша білім басқармаларының лауазымды адамдарына қатысты 6 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Маңғыстау облысының шенеунігі асфальт жабындысын сапасыз төсеген мердігерден пара алғанын мойындаған. Мұны да антикор өкілдері айтты. Мұнайлы ауданындағы жаңа төселген асфальттың жәй-күйін жаңалықтарымызда көрсеткен едік. Аудан әкімі аппаратының Тұрғын үй коммуналды шаруашылғы басшысы, сапасыз жұмысқа "көз жұма" қараған еңбегін, миллион теңгеге бағалаған деген күдік бар. Енді бұл істің ақ-қарасын сот анықтамақ.

Ә. Өмірзақ