Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда соңғы 13 жылда аутизммен ауыратын балалар саны 20 есеге өскен

AstanaTV
02.04.2021ж. 20:00
2385
Қазақстанда соңғы 13 жылда аутизммен ауыратын балалар саны 20 есеге өскен

Қазақстанда соңғы 13 жылда аутизммен ауыратын балалар саны 20 есеге өскен. Бүгінгі күні 750-ден астам бала есепте тұр. Бұл туралы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай айтты. Жалпы әлемдегі статистика да көңіл көншітпейді.

Николай НЕГАЙ, ҚР ДСМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының деректері бойынша, 160 баланың біреуі немесе балалардың 0,6 %-ы аутизмдік спектр бұзылуларынан зардап шегеді. Қазақстанда да жыл санап олардың саны артып келеді. Бұл әртүрлі факторлармен, соның ішінде көмек қолжетімділігінің және ауруды анықтау деңгейінің артуымен байланысты.

Сондай-ақ мамандар аутизмді емдеуге қатысты түрлі жарнамаларға сақтықпен қарауға шақырады. Интернетте ғылыми негізделмеген тәсілдердің жарнамасы жиі кездеседі дейді.

Нұрия БАЛТАБАЙҚЫЗЫ, "AUTISM KAZAKHSTAN" ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Кейбір орталықтар мен мамандар жарнама жасап, аутизмді бір айда немесе бір курста емдеп шығамыз деген көптеген жарнамаларды жариялап жатыр. Мұндай мәліметке өте сақтықпен қарау керектігін айтқым келеді. Білікті мамандардың атап өтуінше, аутизм ешқандай екпемен, дәрімен емделмейді. Сонымен қатар, тағы да басқа көптеген авторлық әдіснамалар шығып жатыр. Олар ғылыми тұрғыда расталмаған.


Ә. Өмірзақ