Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әдебиеттің дарабозы дүниеден озды

AstanaTV
05.04.2021ж. 20:00
1531
Әдебиеттің дарабозы дүниеден озды

Елбасы, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтасқан Нұрсұлтан Назарбаев, жазушының қазақ әдебиетінің дамуына қосқан сүбелі үлесін атап өтті. Жеделхатта: Оның соңында қалған кесек туындылары – әдебиетіміздің алтын қорында сақталатын шын мәніндегі құнды рухани қазына,- деп өткен. Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділов, 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Жазушы Алматыдағы ауруханалардың бірінде коронавирустан емделіп жатқан. Дәрігерлер қаламгердің жүрегі дертті көтере алмағанын айтып отыр. Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Оның қаламынан туған шығармаларда тарихтың маңызды тараулары көркем тілмен безендіріле жеткізген.

Жазушының «Соңғы көш», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Тағдыр», «Дарабоз» сынды романдары мен "Қаздар қайтып барады" әңгімесі, қалың елдің сүйікті шығармалары болып қала бермек.

А. Данияр