Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

AstanaTV
06.04.2021ж. 20:00
1574
Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бүгін мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли,  фейсбуктегі парақшасына жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыдағы фарм зауыттан шыққан "Sputnik V" вакцинасын қабылдаған. Баспасөз хатшысының айтуынша, Президенттің денсаулығы жақсы, ешқандай кері әсері байқалмаған. Ол азаматтарды мүмкіндігінше тезірек ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін екпе жасатуға шақырады.


А. Данияр