$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Астанада көлік қағып кеткен оқушы хал үстінде

AstanaTV
07.09.2017ж. 20:00
2269
Астанада көлік қағып кеткен оқушы хал үстінде

Астанада көлік жүргізушісі қағып кеткен екі оқушының бірі хал үстінде. 16 жасар бойжеткен әлі күнге жансақтау бөлімінде жатыр.

Ұлықбек Асылбеков, №2 балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

Бүгінде пациентке политравма диагнозы қойылды. Сонымен қатар, бас сүйегі миы мен бас миына, маңдай және жамбас сүйектеріне  зақым келген. Жапа шеккен баланың жағдайы бір қалыпты ауыр. Қазір жасанды өкпе вентиляциясымен тыныс алуда. Емдеу шаралары қарқынды түрді жүргізіліп келеді. Нәтижесі жақсы болады деген үміттеміз.

Ал екінші оқушы үйіне жіберілген. Оқиға 4 қыркүйек күні Аманат-Бауыржан Момышұлы көшелері қиылысында болған. Жүргізуші ұялы телефонына қарап отырып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Осы кезде жаяу жүргіншілер жолағындағы екі қызды қағып кетеді. Көлік жүргузушісі үш жылға дейін бас бостандығынан айырылып, қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.

Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету себебін мобильдік телефонына қарап, назар аударғанын айтады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды. 21 жасар "Лексус" автокөлігінің жүргізушісі уақытша қамау изоляторына қамалған, ал автокөлік айыппұл  тұрағына жеткізілген.