$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Қызылжарда жаңа жұмыс орындары ашылмақ

AstanaTV
08.04.2021ж. 20:00
1857
Қызылжарда жаңа жұмыс орындары ашылмақ

Қызылжарда жыл соңына дейін, бірнеше зауыт ашу жоспарланып отыр. Осының негізінде жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Оған қоса, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңарту жұмыстары да қолға алынбақ. Бұл жоспарлардың іске асуын "Nur Otan" партиясының аймақтағы өкілдері бақылайды. Өйткені аймақтардың экономикалық тұрақтылығы      -партияның сайлауалды бағдарламасында айрықша орын алған.  

Еңбек жолын қарапайым сауда-саттықтан бастаған, мына серіктестік, бүгінде аймақтағы ең ірі өндіріс ошақтарының біріне айналған. Тұрмыстық заттарды жасаумен қатар компания шемішке, поп-корн, кептірілген дақылдарды шығарып отыр. Ал бірнеше жыл бұрын тез пісетін кеспе өндіруді қолға алды. Бүгінде кәсіпорын бір айда аталған өнімнің екі миллионға жуық данасын жасап шығарады. Өнімдерімен тек ішкі нарықты қамтып қана қоймай, экспорттық әлеуетін де арттырып келеді.

Александр ДАНИЛЕНКО, «РАДУГА» ЖШС ЦЕХ БАСШЫСЫ:


Біз кеспе өндірісін 2017 жылы бастадық. Қазір жылына өнімнің 1.5 мың тоннасын жасаймыз. Жартысы Қазақстанға, қалған бөлігі Ресейге жіберіледі. Шикізатты тек жергілікті диқандардан ғана аламыз. Яғни, толық циклды жолға қойдық. Теріскейдегі егістік алқаптарында өсірілген бидай, бірнеше кезеңнен өтіп,  дайын өнім ретінде тікелей тұтынушыға жеткізіледі. Енді биыл осы өндірісті тағы арттыруды көздеп отырмыз.


Аймақта Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынған. Соған сәйкес партиялықтар аймақтың дамуын қамтитын жеті бағытты таңдап, облыс бойынша 15 жол картасын әзірлеген. Соның бірінші бағыты бойынша биыл үш ірі кәсіпорынды жаңтырғу жоспарланып отыр. Игі жобалардың арқасында жаңадан бірнеше мың жұмыс орны ашылмақ.

Әсем РАХМЕТОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


2021 жылы біздің Қызылжар сауда экономикалық аумағында электро техника қондырғы шығара алатын, 300 жаңа жұмыс орнын құрылатын жаңа зауыт іске қосылмақ. Сонымен қатар инвестиялық жобалар аясында облыс орталығында кірпіш зауыты мен изотермикалық вагон термос шығаратын зауыт ашылмақшы. Осы жұмыстың барлығын біздің фракцияның депутаттары бақылауда ұстап отыр.


Жалпы, сайлауалды бағдарламада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 30 маңызды нәтижеге қол жеткізу көзделген. Бұл мақсатқа 900 миллиард теңге бөлінбек. Оның жартысына жуығы жеке инвестиция ретінде құйылмақ.

А. Құрманкин