Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматы облысында жаңа дәрігерлік амбулатория тұрғындарға пайдалануға берілді

AstanaTV
08.04.2021ж. 20:00
1171
Алматы облысында жаңа дәрігерлік амбулатория тұрғындарға пайдалануға берілді

Алматы облысында жаңадан дәрігерлік амбулатория, ел игілігіне берілді. Медициналық мекеме күніне 200-ден астам науқасқа қызмет көрсете алады. Жаңа ғимарат «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отыр. Жергілікті жұрт, енді жаңа нысанда сапалы медициналық қызмет ала алады.  Дәлірек айтсақ, электрокардиография мен ультрадыбыстық заманауи қондырғылар қойылған. Тіс дәрігеріне де қарала алатын мүмкіндік бар. Сондай-ақ, елдегі пандемияға байланысты амбулаторияда вакцинация қабылдауға болады. Жалпы алғанда мекемеде 42 медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Асқарбек ОРАЛБАЕВ, ТАЛДЫҚОРҒАН қ. ЕРКІН АУЫЛЫ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 
Осы ғимараттың алдында біз ескі ғимаратта отырғанбыз. Біз 50-ші жылы салынған мектепке арналған болатын. Енді биыл міне осы жаңа ғиамаратқа кіріп біз өте қуанышты болып отырмыз.


Ә. Лесбек