$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Қостанайда кәріз суына мұнай өнімі араласқан

AstanaTV
08.04.2021ж. 20:00
1325
Қостанайда кәріз суына мұнай өнімі араласқан

Қостанайда кәріз суына мұнай өнімі араласып кеткен. Қауіпті құдық "Қазнет" қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Мына бейнежазбада жерге төгілген кәріз суына от тигізгенде оның жанғанын көруге болады. Экологтар көшедегі құдықтан және Тобыл өзенінен сынама алынғанын хабарлады. Сараптама қортындысы жуықарада  жарияланбақ. Содан кейін ғана кәріз суына қандай сұйық қосылғанын, қаншалықты ластанғанын айта аламыз деп отыр. Сонымен қатар департамент мамандары мұнай өнімінің қайдан ағып келгенін де анықтауда.  

Зияда БИСАҚАЛОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 
Сынама алынған құдыққа жақын жерде мұнай өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпорын бар. Және сол кәсіпорынның өзі тексеріс жүргізілсе деген ниет білдіріп отыр. Олар да кәріз құдығына мұнай өнімінің қайдан ағып  келгенін анықтағысы келеді. Біздің мамандар олардың өнім сақтайтын орындарын, құбырларын, ұңғыламаларын тексеретін болады.

З. Санай


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах