Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағандыда құрылысшылар кірпішпен атысты

AstanaTV
08.04.2021ж. 20:00
2081
Қарағандыда құрылысшылар кірпішпен атысты

Қарағандыда құрылысшылар «кірпішпен» атысты. Екі топтың салынып жатқан үйдің үстінде бір- біріне аямай кірпіш лақтырып жатқанын, жұмыскерлердің бірі телефонға түсіріп алған.

Бір- бірін балағаттап «кірпішпен атысқан» құрылысшылардың бейне жазбасы әлеуметтік желіде кеше кешкісін пайда болды. Полицияның ақпаратына сүйенсек, екі құрылыс бригадасы қабырғааралық плиталарды тұрғызу кезінде сөзге келіп қалған. Ерегістің арты төбелеске ұласыпты. Оған 20-25 адамның қатысқаны анықталды. Тәртіп сақшылары Қылмыстық Кодекстің 293-інші, яғни «Бұзақылық» бабымен іс қозғаған. Дегенмен құрылыс алаңында жұмыс тоқтаған жоқ. Ал компания өкілдері қандай бір ақпарат беруден бас тартты. Сөздеріне сенсек, ешкім жапа шекпеген.  Дегенмен құрылыс алаңында техникалық қауіпсіздік сақталмайтыны бейнетаспада анық байқалады. Тергеу барысында бұл мәселе қарала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

А. Қуаш