Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкент тұрғыны өзен суын ластағаны үшін жауапқа тартылып жатыр

Шымкент тұрғыны өзен суын ластағаны үшін жауапқа тартылып жатыр

Шымкент тұрғыны табиғатқа залал келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Қаланың қақ ортасымен ағатын Қарасу өзеніне, мұнай өнімдерін ағызып жібергені дәлелденген.

Бұл бейнежазбаны қоршаған ортаға әлдекімнің залал келтіріп жатқанына бей-жай қарай алмаған жергілікті азаматтардың бірі түсіріп, дабыл қақты. Аудан атқамінерлері мен экология департаменті мамандары, сарапта алған. Оның нәтижесінде суда мұнай өнімдерінің құрамы 55 есе артқанын дәлелденген. Белгілі болғанындай, сол маңда тұратын тұрғын 2 тонналық дизель сақтайтын цистернасын босатпақ болыпты. Ол ыдыс түбінде қалдықтарды сумен шайып, есік алдындағы шағын арыққа ағызып жіберген. Екі шелектей солярка аралас су Қарасу өзеніне барып құйыларын білмесе керек. Кінәлі тұлға өз қателігін мойындады деді экологтар.

Серік САРБАСОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Алайда бұл ол кісіні жауапкершіліктен босатпайды. Өндірістің сарқынды суларын жер бедеріне де төгуге болмайды яғни бұл кісіге қатысты ӘҚбК 344 бабы бойынша 10 АЕК бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

А. Төребекқызы