Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда шетелдіктерден алынатын туристік салық енгізілуі мүмкін

AstanaTV
08.04.2021ж. 20:00
2260
Қазақстанда шетелдіктерден алынатын туристік салық енгізілуі мүмкін

Елде «Басым туристік аумақ» ұғымы енгізілмек. Бұл арқылы инвесторлар үшін жеңілдіктер қарастырылып, демалыс орындарын дамыту тетіктері жүзеге асырылады. Сенаттың жалпы отырысында, туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатты таныстырған Ақтоты Райымқұлова айтты. Нақтырақ айтсақ, енді туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету орындарының құрылыс шығындарының бір бөлігін, мемлекет қаржыландырмақ. Бұдан бөлек, әрбір шетелдік қонақ үшін туроператорларды субсидиялау көзделген. Заң жобасында туристік салық енгізу мәселесі де бар. Яғни демалуға келген азаматтар шығындардан бөлек, арнайы салық төлеуі мүмкін. Министр осы құжат арқылы 170 мыңнан астам жұмыс орынын ашуды жоспарлап отырмыз,-деді.

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Бұл шараларды жүзеге асыру экономикаға бюджеттің қосымша кірісі түрінде 135 млрд теңгені тартуға, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кем дегенде 1000 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.

Автомагистральдар құрылысы кезінде жануарлар үшін арнайы көпір немесе жерасты өткелдерін салуымыз керек. Ұсынысты депутат Ақылбек Күрішбаев жасады. Оның пікірінше, басым туристік аймақтар ұлттық парктерге нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, ерекше қорғалатын аумақтарды алдын-ала сақтандыру мәселелерін пысықтауға шықырады. Мұндай шаралар арқылы "Қызыл кітапқа" енген жабайы жануарларды жойылып кетуден сақтап қаламыз деп отыр.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Өкінішке қарай, ондай экодуктар еш жерде жасалмады, бұл жануарлар әлемінің экожүйесіне теріс әсерін тигізуде. Сондықтан ғалымдар мен эколог мамандардың қатысуымен ерекше қорғалатын аумақтарда туристік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша арнайы заңға тәуелді құқықтық акт әзірлеуді ұсынамын.

Ғ.Өтемісов