Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Рамазан айында карантиндік талаптар сақталуы тиіс

Рамазан айында карантиндік талаптар сақталуы тиіс

Рамазан айында да карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс. Бүгін мұсылмандар діни басқармасы, осыны ескертті. Олар Ораза ұстауға ниетті 60 жастан асқандарға ауыз бекітпес бұрын, медициналық тексеруден өтуге кеңес береді.  Сондай-ақ өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты шектеу шараларын сақтауға шақырдады. Ал, ауыз бекітіп, індетпен ауырған жағдайда, тұрғындар дәрігердің бақылауымен оразаны жалғастыруына да, тоқтатуына да болады деді. Барлығы аурудың симптомдары мен науқастың жағдайына байланысты деп отыр.

Науырзбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:


Денсаулық бәрінен қымбат құндылық. Алланың адамзатқа берген аманаты. Біздің дініміз жеңілдікті қалайды. Пайғамбарымыз с.ғ.с хадисінде айтады, біздің дініміз жеңіл дін дейді. Денсаулықтарыңызға қарап дәрігердің кеңесін алған соң, ауыздарыңызды бекітіп, ораза ұстасаңыздар инш,Алла қайырлы болады.

Рамазан айының пітір садақысы, барлық облыстағы екі келі ұнның құнына теңестіріліп, 420 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, аузы берік жандар ПТР сынамасын тапсыруына болады. Ол ешқандай Оразаны бұзуға әкеп соқтырмайтыныда белгілі болды.

Б. Сатуов