Жол жөндеу жұмыстары көңіл көншітпейді. Сапасыз жасалған соң, ол жыл сайын жөндеуді қажет етеді. Тиісінше мемлекет қаржысы тиімсіз жұмсалады. Бұл туралы ел Президенті өзінің Твиттердегі парақшасында жазды. Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағындағы жолдардың сапасына шүйлікті. Ол халықтың сыны орынды дейді. Мемлекет басшысы Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеуді тапсырды. Сондай-ақ жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырды.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр.
Ә. Өмірзақ