Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшыларына қатысты іс прокуратураға жолданды

AstanaTV
09.04.2021ж. 20:00
1835
"СК-Фармацияның" бұрынғы басшыларына қатысты іс прокуратураға жолданды

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшыларына қатысты айыптау актісі прокуратураға жолданды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа күрес агенттігінің тергеушісі Данияр Бегайдаров хабарлайды. Ол жемқорлықпен күрес қызметі, аталған серіктестіктің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі теруді аяқтағанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың жазында ел аумағында дәрі-дәрмектің тапшылығы туды. Сол кезде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, "СК-Фармация" жұмысын қатаң сынға алған еді. Ол компания жұмысына тергеу жүргізуді тапсырған болатын.   

Ғ.Өтемісов