Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің есімдері де ақталады

AstanaTV
09.04.2021ж. 20:00
2400
Ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің есімдері де ақталады

Ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің есімі де ақталатын болады. Оларға тағылған «бандит», «баукеспе» сынды айыптар алынып тасталуы қажет. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, бүгін ел астанасында өткен брифингте мәлім етті. Оның айтуынша, тек саяси репрессия құрбандары ғана емес, сондай-ақ ел азаттығы үшін жанын қиған батырлар есімі де ұлықталуы керек. Бұл мақсатта саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы құрылды. Вице-министр аталған жұмысқа елдегі білікті мамандарды тарту қажеттігін атап өтті.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қоғамымызды көптен толғандырып, көтеріліп жүрген тарихтың ақтаңдақ тұстарын айқындап, жазықсыз сотталған, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау еліміздің, халқымыздың, қоғамның алдында тұрған үлкен міндет ретінде қарастыруға болады.


Мемлекеттік комисия елімізге белгілі тарихшы ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің және мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұрады. Оның алдында бірнеше нақты міндеттер бар. Біріншіден, саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру. Екіншіден, жазықсыз сотталған және саяси қуған-сүргінге ұшырағандарды ақтау процестерін ғылыми зерделеу. Сонымен қатар қуғын-сүргін жөніндегі материалдардың зерттеушілерге, жабық мұрағаттардағы ақпараттардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету міндеттелді.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Ғалымдарымыз арнайы әдістемелік мәселеге тоқталып, қаралатын проблемаларды анықтап, тиісті жұмыстарды аяқтады. Қажетті анықтамалар мен кітапшалар жасалып, таратылды. Ең бастысы, бұл бағыттағы қадамдар ғылыми негізде, нақты мұрағаттарға сүйене отырып жасалуы керек.

Ғ.Өтемісов