Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Коронавирус өршіген өңірлерде шектеу шаралары күшейтіледі, А.Мамин

AstanaTV
12.04.2021ж. 20:00
1743
Коронавирус өршіген өңірлерде шектеу шаралары күшейтіледі, А.Мамин

Денсаулық сақтау министрі отставкаға кетуі мүмкін бе? Өйткені, елде эпид ахуал оңалар емес. Қазақстан коронавирустың «қызыл» аймағына кіргеніне бүгін 12 күн болды. Бас дәрігер індеттен тіркелген жұқтыру мен өлім дерегі наурыздың 10 күнімен салыстырғанда еселене түскенін айтып отыр. Бұндай көрсеткіш былтырғы жаздың өзінде тіркелмеген еді. Оның үстіне кейбір өңірлердің ауруханалары толудың алдында тұр. Алексей Цой бұл мәселені шеше ала ма? Ай аяқталғанша 1 миллион адам екпе қабылдауы мүмкін бе? Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр жалғастырады.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

COVID-19-дың үшінші толқыны елге едәуір соққы болған сияқты. Өткен айдың 10 күнімен салыстырғанда індет жұқтырғандар 3 есеге, ауру құрбаны 2,4 есеге көбейіпті. Министрдің айтуынша, науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысында анықталған.  Эпид ахуалды бағалау матрицасы қызарып барады. «Жасыл» аймақтағы өңірдің көбі «сарыға» ауысқан. «Қауіпсіз» деген белдеуде тек Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары ғана қалыпты.

Республика бойынша инфекциялық ауруханалардың төсек жүктемесі 41 пайызды құрап отыр. Алексей Цой, осы ай басталғаны ушыққан.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Барлық өңірлердегі ағымдағы жағдайды ескере отырып қосымша шектеу шараларын енгізу керек. Алматы облысында инфекциялық ауруханадағы орындарға сұраныстың жоғарлауы байқалады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кереуеттердің қосымша резерві 1200-ді құрайды. Сонымен бірге, жан сақтау бөліміне түсетіндердің үлесі 27 пайызға жетті. Нұр-Сұлтандағы қарқынды терапия орындарының  66%-ға,  Алматыда 50%-ға толып қалған.

Денсаулық сақтау министрі кейбір аймақ әкімдері коронавируспен күресу шараларын дұрыс жүргізбей жатқанын сынады. Бұл аурушаңдық деңгейі жоғары өңірлерді тексеру барысында белгілі болған.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Іс-сапар қорытындысы бойынша бірқатар кемшіліктер анықталды. Диспансерлік тізімге енгізілген науқастардың созылмалы ауруларын бақылау және емдеу жұмысы дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ. Сонымен қатар, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылмаған. Коронавирустың алдын алу және диагностикалау шаралары да ақсап тұр.

Ал, үкімет басшысы эпид жағдайы нашарлаған облыс және қала әкімдеріне карантинді күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ екпе егу - графикаға сай нақты орындалу керек, деді. Ұлттық банк төрағасы да мұны қолдайды. Елде дағдарыстан жылдам шығарудың бірден бір жолы – препаратты қабылдау екенін жеткізді.

Ерболат ДОСАЕВ,  ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫ:

Вакцинациямен ілгерілену есебінен дамыған елдер дағдарыстан бірінші болып шығады және әлемдік экономикадағы өсу драйверлеріне айналады. Қазақстан бойынша Халықаралық валюта қоры 3,2% деңгейінде өсуді күтуде. Бұл алдыңғы болжамнан 0,2%-тік тармаққа жоғары.


Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Екпе егу қарқыны бойынша дамушы елдер дамыған елдерден айтарлықтай артты қалып отыр. Олардың ішінде – Қазақстанда бар. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше 1 ақпаннан бері жыр болған вакцинаны 338 мыңнан аса адам қабылдаған. Президенттің тапсырмасына сай Алексей Цой осы айдың аяғына дейін дәрі салдырғандар санын 1 миллионға жеткізуі керек.


А. Данияр