Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйге талас туды

AstanaTV
13.04.2021ж. 20:00
1585
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйге талас туды

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңаша әдісіне көшкен павлодарлықтар , жаңа кедергіге тап болды. Бұған - үйге қызмет көрсеткен пәтер иелері кооперативінің орнын, басқа ұйымға босатып бермеуі себеп болған. Соның салдарынан тұрғындар өз үйлеріне өздері қожалық ете алмай отыр. Көпқабатты үй тұрғындары сәуірден бастап мүлік иелерінің бірлестігін құрған. Ал оған кооператив өкілдері қарсы. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Тілшіміз Өзгеріс Қуанар анықтап көрді.

Дауға тұрғындардың мүлік иелері бірлестігін құруы себеп болған. Осыған дейін көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсетіп келген пәтер иелерінің кооперативі жаңа ұйымға орнын босатпай отыр. Ал тұрғындардың кооператив жұмысына көңілі толмайды.

Темірғали ӘЛІМЖАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Біз үйдің кеңесін сайладық 3 кісіден. Сол кеңес ТОО «Верамен» шартқа отырдық. 1 сәуірден бастап, біз оларға айттық ресми түрде «сіз істемейсіз» деп. Подвал толған су. Этаж толған иіс. Қыстай бір шыбындар болды. Осының біреуі істелмеді. Мына маңайдың түгелі қоқыс жатыр, жиналмай. Енді осындай кісімен қалай істеуге болады.
 

Айнұр  ТИПЕЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Счет аштықта соған ақша салып отырғанбыз. Осы күнге дейін сол ақшаның қайда кеткені, қалай жұмсалғаны туралы бізге әлі хабар берген жоқ. Біз сол ақшаның қайда кеткенін білгіміз келеді.

Мүлік иелері бірлестігімен келісім шартқа отырған ұйым үй маңайына жолай алмай жүр. Өйткені, кооператив өкілдері үйдің қаржылық құжаттары мен өзге де техникалық жабдықтарын бермей қойған.

Евгения ШКВИРА, «ВЕРА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Тұрғындар мүлік иелері бірлестігін таңдап отыр. Біз қызмет көрсетуші ғанамыз. Осы 1-сәуірден аула сыпырушы, сантехник, еден жуатын қызметкерімізді алып келдік. Бірақ, «Яхта» серіктестігі кіргізбейді бізді. Біз келісім шарт бойынша осы үйге қызмет көрсетуіміз керек.


Ал кооператив төрайымы болса, өзіне тағылған айыптармен мүлдем келіспейді.

Юлия ВАРЛАМОВА, «ЯХТА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Өтініште қол қойғандардың жартысы үй иелері емес, пәтерді жалдап тұрғандар. Үй иелерінің орнына басқа біреулер қол қойған. Заң бойынша үй иелері сервистік ұйымды ауыстыра алмайды. Олар тек мүлік иелері бірлестігіне ғана ауыса алады. Осындай заң бұзушылықтар бар. Біз келіспейміз.
 
Көпқабатты тұрғын үйлерге жауапты мекеме, келесі жылдан бастап барлық баспана мүлік иелерінің бірлестігіне көшетін айтты. Алайда, тұрғындар мен қызмет көрсетуші ұйым жұмысына араласа алмаймыз – деп отыр.

Қанат ЖЕЛДІБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Үй  тұрғындардың жеке меншігі. Оған біз кірісуге құқығымыз жоқ. Тұрғындар үйге қызмет көрсетуші ұйымды өздері таңдайды.  Оны сол үйде тұратын тұрғындар дауысқа салу арқылы шешу керек. Сондықтан, бұл жерде үйді басқарудың шешімін тек тұрғындар өздері ғана қабылдай алады.


Мамандар егер дау өзара шешілмейтін болса, сот арқылы ғана шешім қабылданатын айтты. Ал кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екеніндігін, сот анықтамақ.
 
Ө. Қуанар