Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оралда ақша айырбастау пунктін тонағандар, достарына көлік мінгізген

AstanaTV
13.04.2021ж. 20:00
1905
Оралда ақша айырбастау пунктін тонағандар, достарына көлік мінгізген

Оралда ақша айырбастау бекетінің қожайынын тонағандар, мырзалық танытыпты. 45 миллион теңгені қолды еткендер, жалғанды жалпағынан басып өмір сүрмек болған. Оңай олжаға ұялы телефон сатып алып, көлік мінген.  Тіпті достарын да ұмытпай, сый жасаған. Бұл жайында бүгін Оралда өткен сот отырысында белгілі болды. Қомақты қаражат төрт адамға бөліске түскенімен, сот төрағасы үшеуіне ғана үкім шығарды. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Еркін КАРИН ТІЛШІ:

Сот материалдарынан белгілі болғандай, оқиға былтыр 28-ақпан күні болған. Ақша айырбастаумен айналысатын оралдық азаматқа белгісіз біреу көзден жас ағызатын газ шашып, қолындағы сөмкесін жұлып әкетіпті. Бір сәтте жиған-тергенінен айрылған жәбірленуші келген шығынды 45 миллион теңгеге бағалады. Қолды болған сөмкеде теңгеден бөлек, доллар мен еуро да болыпты.

Бір жылға созылған тергеу амалдарынан кейін кінәлілер өз кінәсін толығымен мойындады. Олар бұл әрекетін мұқият жоспарлағанын жасырмады. Дегенмен сот төрағысы үкім кескен кезде екі сотталушының кішкентай балалары бар екенін ескерді.

Асқар ИСМАИЛОВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


Арадағы келісімге сай, ақшаны әкелуі тиіс Құлымжановты, Акунов пен Шарипов ақша айырбастау бекетінің ауласында күтіп отырады. Кейін олар олжасын төрт адамға бөлген. Бірақ төртінші адамның кім екені анықталмады. Сот үкімі бойынша Құлымжанов пен Шариповқа 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Акунов 8 жылға сотталды.

Ал сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейді. Олардың айтуынша іс дұрыс тергелмеген.

Зульфия ШАРИПОВА, СОТТАЛУШЫНЫҢ ТУЫСЫ:

Сот үкімімен мүлдем келіспейміз. Олар бір жыл бойы түрмеде жазықсыз отырды. Жуырда дәл осы ақша айырбастау пунктін біреулер тағы да тонап кетті. Қазір барлық қылмыскерлер табылды. Ал менің інімнің жазығы жоқ, сондықтан кінәсін мойындамады. Осының бәрін ұйымдастырушы бауырымның машинасын сатып алып, ақыры дегеніне көндіріп, басын айналдырып алды. Бәрі - соның бүлдіргені!

Сотталушының туысы Жоғары сотқа дейін шағымданып, тіпті судьяны қызметінен кетіремін деп сес көрсетті.  

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Тонаушылардың олжа ақшаға сатып алған ұялы телефондар мен көлігі сот үкімімен мемлекетке кері қайтарылады. Бірақ сотталушылар қолды болған 45 млн. теңгенің 39 миллионын жұмсап үлгіріпті. Олар бұл ақшаға достарына үлестіргенін айтқан. Бірін көлік, енді біреулеріне ұялы телефон сатып әперіп, жомарттық танытқан екен.

Е. Карин