$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шығыс Қазақстандағы босану бөлімдеріне 5 миллиардтан астам теңге бөлінбек

AstanaTV
14.04.2021ж. 20:00
1777
Шығыс Қазақстандағы босану бөлімдеріне 5 миллиардтан астам теңге бөлінбек

Шығыс Қазақстан облысындағы перзентханаларға 5 миллиардтан астам теңге бөлінбек. "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасының аясында жаңа қондырғылар алып, жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, дәрігерлер Германия мен Кореяда біліктілікті арттыру курстарынан өтпек. Бұның барлығы ауылды  сапалы медициналық көмекпен қамту мақсатында қолға алынған игі бастама, дейді партиялықтар.

Бұрында аудан орталығы болып, қазір қарапайым ауылға айналған Самарское елді-мекенінде, «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобасының аясында заманауи қондырғылар алу жоспарлануда. Нұротандықтар жүргізген сараптамаға сәйкес, жүкті әйелдердің 70 пайызы қала немесе аудан орталықтарына келеді. Сондықтан жаңа технологияларды шалғайдағы ауылдарға да енгізу керек, деп санайды партия өкілдері.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Біздің әйелдердің басым бөлігі Семей мен Өскеменде босанатыны мені қынжылтады. Әйелдер ауылда да бала туу керек. Бұл үшін не керек? Қондырғылардың бір бөлігі бар, мамандар да бар.


Ильяс МҰХАМЕДЖАН, ШҚО ӘКІМДІГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖОБАНЫҢ КУРАТОРЫ:

 
Бірінші деңгейге сай біз дәрігерлерді келесі жылы осында оқытқымыз келеді. Олар күрделі оталарды жасау үшін. Акушер-гинекологтарды Германия мен Кореяда оқытуды жоспарлап отырмыз.


Ал Қайнар ауылында Nur Otan партиясының сайлауалды бағларламаны іске асыру барысында дәріхана ашылды. Осыған дейін жұрт дәрі-дәрмек алу үшін 200 шақырым жердегі Семейге баруға мәжбүр болатын. Ал жыл соңына дейін жергілікті жылыту қазандығын жөндеу көзделіп отыр. Болашақта спорт орталығын салу да жоспарда бар.

Серік АҚЫШЕВ, ҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Біздің селоға көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Ауылда ең бастысы жұмыс бар. Егер аурухана жөнделіп, спорт орталығы салынса, жастар ауылдан қашпайды. Көшіп кеткен тұрғындар да қайтып келеді деген ойлаймын.  

Көкпекті ауылына дене шынықтыру кешені қолданысқа берілді. Алып ғимараттың ішінде волейбол, баскетбол мен үлкен теннис алаңдары орын тепті. 400 метрге созылған жүгіру жолақшалары мен күрес залы бар. Кешен күніне 900 адамды қабылдауға қауқарлы.

Мақсат ШӘКІРОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 
Суды ағызу жүйелері еденнің ішінен орнатылған. Су жайылмай, суағарларға өтеді. Мына 830 шаршы метрге жайғасқан алаң Барселонадағы Камп Ноудан да үлкен.

«Nur Otan» партиясының жобаларын бақылау үшін жеке паспорттар әзірленген. Әрбір жобаны қадағалау жергілікті мәслихат депутаттарына жүктелді.

А. Құрманкин