$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстандық вакцинаның өндірісі Түркияда қашан басталады?

AstanaTV
14.04.2021ж. 20:00
1198
Қазақстандық вакцинаның өндірісі Түркияда қашан басталады?

Қазақстандық вакцинаның өндірісі Түркияда қашан басталады? Денсаулық сақтау министрлігі бұл сауалға жауап бере алмады. Дегенмен, елімізде COVID-19 індетінің өршіп тұрғанына қарамастан, караоке, сауна және өзге де демалыс орындардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бүгін бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы шықты. Мұны министрлік өкілдері, қазір екпе егу жұмыстары қарқын алғанымен түсіндірді.  

COVID-19 індеті бойынша ел ішіндегі жағдай тұрақсыз. Өкінішке қарай, коронавирусты бағалау матрицасының қызыл аймағынан айлап шықпай тұрған өңірлер бар. Жағдайды реттеуге вакцинациялау ғана жәрдемдесе алатынын тағы еске салды.

Айжан ЕСМАҒАНБЕТОВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Елімізде екпе егу басталған 1-ақпаннан бастап өңірлерге 900 мың доза вакцина жеткізілді. Тек сәуір айы бойынша ғана 700 мың екпе аймақтарға қойылды. Жалпы екпе егу жұмыстары қарқын алып келеді деп айта аламыз. Себебі, күніне 50 мың адамға вакцина салып жатырмыз.

Ал, 14 сәуір бойынша 2229 адамнан кесел белгілері табылған. Ушыққан жағдайды елемей, шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келіп жатқандар да азаймай тұр. Дәрігерлер республика бойынша 31 мыңнан астам төсек орын дайындаған. Дейтұрғарғанмен вакцинациялау өңірлерде де қарқын ала бастапты.    

Нұрлыбек АСЫЛБЕКОВ, ҚР ДСМ МЕДЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ НҰР-СҰЛТАН қ. БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Антиденелердің жаңағы ауырған адамдардыкін айтып отырмыз ғой 6 айға дейін ол сақталады деп. Ал енді вакцинацияға байланысты айтатын болсақ, осы вакцинаны Спутник-Ви вакцинасын шығарып отырған Гамалеи институтының айтуы бойынша ол 2-жылға дейін жетуі мүмкін деп.

Министрлік өкілдері екпе жеткіліксіздігі жоқ деп сендірді. Оларды жеткізу бойынша келіссөздер де тоқтамаған.  

Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

500 мың доза екпе жөнінде қазір біз бірнеше өндірушілермен өзіміздің переговорный процессімізді өткізіп жатырмыз. Сол переговор біткен соң ол қандай көлем, қай өндіруші екенін жариялаймыз.

Сонымен, екпе алғандарды түгендесек, Спутник-Видің 1-компонентін 435 мың адам, ал 2-н 100 мыңнан астамы салдырған. Олардың 120 мың дәрігер, 76 мыңы педагог және 40 мыңға жуығы тәртіп сақшысы. Ал, әзірге сәуірдің соңында 25 мың QazVac дозасы қолға түспек. Министрлік өкілі, осы және өзге екпемен 2 миллион халықты қамтимыз. деп сендірді.

Л. Қуанышқызы