Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстанда қатерлі дерттерді емдейтін дәрілер тапшы

AstanaTV
14.04.2021ж. 20:00
1366
Қазақстанда қатерлі дерттерді емдейтін дәрілер тапшы

Қазақстанның бірқатар аймақтарында, қатерлі дерттерді емдейтін дәрілер тапшы. Өмірлік маңызы бар препараттар науқастарға дер кезінде жетпей отыр. Осылай деген мәжілісмен, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ғалымжан Елеуов, бүгін Денсаулық сақтау министрлігіне депуттық сауал жолдады. Оның дерегінше, осыдан он ай бұрын бекітілген дәрі- дәрмектің, 130 дай түрі елге әлі жетпеген.

Ғалымжан ЕЛЕУОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

СК-Фармация менің ресми сауалыма, қатерлі ісік ауруларынмен ауыратындарға қажетті L-аспарагиназа, Винбластин, Денозумаб, Метотрексат, Циклофосфамид секілді тегін препарттар әлі жеткізілген жоқ - жауап қайтарған. Тамоксифенде науқастарға әлі тимеген. Науқастар бұл дәрі-дәректерді бірінші квартал бойына күтті. Құзырлы орындар бұған қандай шара қолданады?

Айта кетейін, Қазақстанда 180 мыңнан астам адам қатерлі дертпен ауырады. Жыл сайын тағы 30 мыңнан астам науқас тіркеледі. Депутат туберкулезге шалдыққан азаматтар да дер кезінде ем ала алмай отырғанын айтты. Тіпті тыныс алу мүшелерінің ауруларымен тіркеуде тұрғандардың өзіне тегін препараттар берілмеген. Сонымен бірге балаларға салынатын дифтерия, полиемиелит секілді дерттерге қарсы екпелер бойынша, мемлекеттік сатып алу байқауы ұйымдастырылмаған. Ал, бұл ел денсаулығына деген өрескел жауапсыздық екенін алға тартты. Сондықтан бұған кінәлілерді жауапқа тартылуы тиіс,- деп отыр.

А. Қуаш