Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Павлодарда орманшылар орманға өте алмай жүр

AstanaTV
14.04.2021ж. 20:00
1456
Павлодарда орманшылар орманға өте алмай жүр

Павлодарда орманшылар, өздері күзететін Ертіс өзенінің алқабына өте алмай жүр. Олар қалалық су арнасы қойып тастаған шлагбаумнан өте алар емес. 3 күн қатарынан орман алқабына өте алмаған орман шаруашылығы қызметкерлері, бүгін шу шығарды. Тараптарды тыңдаған әріптесім тақырыпты жалғастырады.

Бұл - Ертіс өзенінің қойнауына апаратын жалғыз жол. Ерекше қорғалатын аймаққа, арнайы шлагбаум орнатылған. Өрт бола қалса, арнайы техникалар тек рұқсатпен ғана өткізілмек. Себебі, бұл жер жекенің қолына өтіп кеткен. Орманшылар Ертіс өзенінің алқабына өте алмай жүр.

Ерекше қорғалатын аймақтың қоршауға алынғанына, балықшыларда қарсы. Олар бүтін бір өзен алқабындағы бұл келеңсіздікке кім жол бергенінн түсіне алар емес.

Владимир ДОЛГИХ, БАЛЫҚШЫ:

Біз балықшылар бұл жерге шлагбаум қоюуына қарсымыз. Өйткені, мұнан өту мүмкін емес. Сондықтан, бұл жерге көлікпен емес, жаяу барамыз. Бұл су арнасы стратегиялық нысан. Оны неге жекенің қолына берген. Осыны түсінбейміз. Олар бұл  аумақты жасырын қоқыс алаңына айналдырды. Маңайдың бәрінде құрылыс қалдықтары шашылып жатыр.

Аумақты қоршауға алған қалалық су арнасының өз уәжі бар. Бірақ, ешкімге шектеу қойған жоқпыз, келушілер алдын ала хабарласуы тиіс деді.  
 
Дмитрий БАШКИРОВ, «ПАВЛОДАР» СУ АРНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Шлагбаумға келмес бұрын қызметкерлер біздің бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, көліктің номері мен қызметкерлердің аты-жөнін айтуы керек. Бұның барлығы жылдам әрекет ету үшін жасалған. Өйткені, күзетшінің қолында бұл жерден өтетін адамдардың тізімі болу керек. Бөгде адамдар кірмеуі тиіс. Себебі, бұл жер санитарлық қорғау аймағына жатады. Мұнда түгел қаланы сумен қамтып отырған су арнасы өтіп жатыр. Осыны қорғау мақсатында шлагбаум қойылған.


Ал қалалық әкімдік өкілдері жердің жекенің қолында екенін растады. Бірақ, орманшылар мен балықшылардың жұмысына кедергі болды дегенді жоққа шығарып отыр.
 
Салтанат ӘКІМБЕКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі, экология мекемелерінің кіруіне шектеу қойылмайды.  Көліктің барлығына түріне рұқсат бар. Тек сол көліктегі қызметкерлердің тізімін алдын ала хабарлау керек.


Десе де, орманшылар қағазбастылық, жұмысымызға тұсау дейді. Орманда өрт бола қалса, рұқсат алуға кететін әр секунд маңызды деп отыр.   

Ө. Қуанар