Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Министр А.Цой ауылдарды аралап жүр

AstanaTV
15.04.2021ж. 20:00
1876
Министр А.Цой ауылдарды аралап жүр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ауылдардағы екпе жұмыстарының барысымен танысты. Министр алдымен Алматы облысының Талдыбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға ат басын бұрды. Онда 8,5 мыңнан астам ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Мұндағы халықтың жартысынан астамы екпе алуды жоспарлап қойған. Министр екпенің вируспен күресте маңызды екенін айтып, қауіпсіздік шараларын жіті сақтауға кеңес берді. Амбулатория қызметкерлерінен арнайы құрылған мобильді бригада, азаматтарға қоңырау шалып, вакцинация және қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Қазір бізде вакцинация қарқынды жүргізіліп жатыр. Кеше ғана 70 мыңға жуық адам егілді, жалпы жарты миллионнан астам азамат вакцинацияланды. Қазақстанның әрбір өңіріне вакцина келіп түсетін кестелер бар. Бұл вакциналар Еуропа, Азия елдерінде де қолданылады және жоғары тиімділік байқалады. Сондықтан біз үшін азаматтардың екпеге қол жеткізуі өте маңызды, халық үшін тегін екенін айта кетейік.


Ә. Өмірзақ