Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жаңа төраға тағайындалды

AstanaTV
16.04.2021ж. 20:00
1501
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жаңа төраға тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, бүгін Президент жарлығымен Марат Ахметжанов келді. Ол бұған дейін Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарып келген. Жемқорлармен күрес агенттігін 3 жылдан астам уақыт басқарған Алик Шпекбаев, қандай қызметке баратыны әзірге белгісіз. Мемлекет басшысы оның жұмысын жоғары бағалап, алғыс білдірді. Неге Марат Ахметжанов деген сұраққа, Президент былай деп жауап берді.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол маман. Әділет министрлігінде, Бас прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарды. Кезінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің орынбасары болды. Сондықтан мен оны осы лауазымға тағайындау туралы шешім қабылдадым.


Агенттік жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білуге тиіс, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тарту қажет екенін ескертті. Сондай-ақ агенттіктің қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеуді тапсырды. Мұндай модель айыптаушылық ұстанымды бәсеңдетіп, қылмыстық процеске заңсыз араласуды болдырмайды, деді.

Ә. Өмірзақ