Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбе базарларында "көлеңкелі сауда" өршіп тұр

AstanaTV
16.04.2021ж. 20:00
3147
Ақтөбе базарларында "көлеңкелі сауда" өршіп тұр

Ақтөбедегі Орталық базар саудагерлері шу шығарды. Олар заңсыз саудаға тосқауыл қоюды талап етті. Айтуларынша, сауда орындарын заңсыз иемденгендердің кесірінен пайда таппақ түгілі, жалдамалы орынның ақысын әрең төлеп жүр. Шығынға батқан, кәсіпкерлер осындай қадамға барудан басқа амал қалмады деп отыр. Қара саудадан пайда тауып жүрген кімдер? Тараптарды тыңдаған әріптесімнің репортажы.

Қара нарыққа жол жоқ! Осындай ұранмен базар сөрелерін жалға алушылар алаңға шықты. Стихиялық саудадан жапа шегіп отырғандарын жеткізді. Сатушылардың айтуынша, "көлеңкелі саудагерлерге" ешқандай шектеу жоқ. Тіпті мұндай бассыздық 10 жылдан бері жалғасып келеді екен.  

Айнұр ЕСЕНБЕКОВА, САУДАГЕР:

Акимат не істеп отыр? Біз сауда жасамаймыз ба? Біз налог төлеп отыврмыз. Бір метр қара жерге төлеп отырмыз ғой. Бәріміздің бала-шағамыз бар.

Гүлмира БЕЙСЕНҒАЛИЕВА, САУДАГЕР:

Милиционерлер келсе спокойно амандасады как будто родственнигі сияқты. Тұрып алады да, при нас жинатады. Бірақ, қайтадан жайып сата береді. Заңға бағынбайды элементарно. Мен соған ашынамын.

Қара базарда тауарлар кез-келген жерге немесе көліктің үстіне қойылып сатылады. Түсірілім тобын көрісімен заңсыз саудагерлер асығыс жинала бастады. Кейбіреуі тауарларын тастап, қашып та кетті. Ал жергілікті атқамінерлер күрес күшейтілгенімен, заңсыз саудаға тосқауыл бола алмай отырғандарын мойындайды. Ескертпелер жасап, айыппұл салынумен шектелуде. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ деп отыр.

Ләззат СМАТИЛОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а.:

Қазір қала әкімдігі стационарлық емес сауда орындарын әзірлеу бойынша алгоритм әзірлеуде. Онда орындар тегін берілетін болады. Бірақ жоба қашан нақты іске қосылатыны белгісіз.

Көшедегі сатушыларға, қаланың 17 коммуналдық базарынан орындар ұсынылмақ. Ондағы сауда сөрелері тегін беріледі. Бірақ бұл шаралар қаланы стихиялық саудадан толығымен құтқаруға көмектеседі ме, жоқ па ол жағын ешкім дөп басып айта алмады.  

Ғ.Өтемісов