Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Оралдық еріктілер ораза ұстаған көлік иелеріне су мен құрма таратты

AstanaTV
16.04.2021ж. 20:00
3129
Оралдық еріктілер ораза ұстаған көлік иелеріне су мен құрма таратты

Оралдық еріктілер ораза ұстап, ауыз бекіткен көлік иелеріне су мен құрманы тегін таратты. Бұл ізгі іске жол сақшылары да қол ұшын созды. Көлігін полиция тоқтатқан кезде, абдырап қалған қалалықтар кейін, еріктілердің шағын сыйлығын көргенде қуанышын жасыра алмады. Осылайша оралдық еріктілер күні бойына бір мың көлік жүргізушісіне қызмет көрсеткен. Бұл игі істі Рамазан айының соңына дейін ұйымдастырамыз, дейді олар. Еріктілердің ықыласы мен ілтипатына көлік жүргізушілері ризашылығын білдірді. Ал, еріктілер Рамазан айында жүректерге жылу сыйлау мақсатымыз деп отыр.

Бақдәулет МАҚСҰТ, ЕРІКТІ:

Адамдарды қуанту кез-келген кезде жүрекке жылу сыйлайды және бұл нәрселерді көру арқылы адамдарға да насихат болсын дедік. Мысалы, су мен құрма сыйлау өте үлкен нәрсе емес, алып бара жатқан үлкен нәрсе емес. Бірақ сонда да осындай кішкентай зат арқылы адамдарға жақсылық жасауға, себепші, түрткі болуға осындай мақсатымыз болды.

Е. Карин