$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үндістанда алтыншы күн қатарынан күніне 200 мыңға жуық адам ауру жұқтырды

AstanaTV
20.04.2021ж. 20:00
1874
Үндістанда алтыншы күн қатарынан күніне 200 мыңға жуық адам ауру жұқтырды

Үндістанда алты күннен бері тәулігіне 200 мыңға жуық адам ауру жұқтырған.  Билік «үлкен қайғылы жағдайға» тап болмауы үшін, ел астанасы Нью-Делиде карантин талаптарын қатаңдатып жатыр.Ал Туркияда  вакцина қабылдағысы келетіндердің көптігі сонша,   халық ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр.   Бірақ сонда да елде індет жұқтырғандар саны 50 мың-нан азаймай отыр. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияны бірнеше ай ішінде ауыздықтауға болады дейді. Ол қаншалықты рас?  Әлемдегі жағдайға Бекболат Сатуов шолу жасайды.   

Кейбір үндістандық тұрғындар ел астанасы Нью-Делиден кетуге бел буған. Өйткені билік қаладағы карантиндік талаптарды апта сайын күшейтіп жатыр. Жергілікті тұрғындардың дені- жастар. Індет жұқтырғандардың да 65 пайызы 45 жасқа дейінгі жастардің үлесінде. Ауруханалар науқасқа толы. Оттегі аппараттары мен кейбір дәрі-дәрмектер жетіспей жатыр. Өткен тәулікте 200 мыңнан астам тұрғын індет құрығына іліккен.  

ПАУАН, НЬЮ-ДЕЛИ ТҰРҒЫНЫ:

Оқшаулануды жағдайға қарап отырып енгізу өте маңызды болды. Үкімет медициналық инфрақұрылымды бірден көтере алмады. Қазір бізде 25000 адамның орнына күніне 100000 адам түсуде, адамдарға дәрі-дәрмек жетіспейді.


Иран елі де үкімет әрекетіне наразы. Бір күнде қауіпті індеттен 400-ге жуық адам қайтыс болған. Тәулігіне 24 мыңға жуық адам індет жұқтырады. Мұнда мектептер, театрлар мен спорттық ғимараттар жабық. Тұрғындар "билік короновирустың 4 толқынына дұрыс дайындық жүргізе алмады" деп ашынады.

Егер   барлық бизнес нысандарын жабатын болса, табысынан айрылғандарға қолдау көрсетуі керек еді. Вакцинаны импорттап отыр, өйткені,  біз оны өзіміз жасай алмаймыз.

Бізде вакцина жоқ, медициналық құрал-жабдықтар жетіспейді. Шешім қабылдауда да көп кемшілік бар және ешкім бұл жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді, әдеттегідей,зардап шегетін-қарапайым халық.


Ал Түркияда медициналық орталықтар алдында ұзын-сонар кезек. Билік елдегі 55-тен асқан адамдарға екпе қабылдауға рұқсат берді. Екпе алуға халықтың да белсенділігі жақсы. Бірақ соған да қарамастан Түркияда  күн сайын 50-мыңнан астам ауру жұқтыру дерегі тіркелуде. Айта кетейік, әлем бойынша  бұл ел, АҚШ,Үндістан, және Бразилиядан кейінгі төртінші орында тұр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төрағасы әлемде коронавирус инфекциясына шалдығу қарқыны сегізінші апта қатарынан өсіп жатқанын мәлім етті.Соған қарамастан алдағы бірнеше айда қауіпті індет  бақылауға алынады деді ол.

Тедрос ГЕБРЕЙЕСУС, ДДҰ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:


Бізде осы пандемияны бірнеше ай ішінде бақылауға алатын құралдар бар. Егер оларды дұрыс қолдана алсақ. Біз ғылымда керемет жаңашылдықты көрдік.Бізге енді осы ғылымнан мүмкіндігінше көп адамдар пайда көре алатындай иновация қажет.


Сондай-ақ қазір  кедей елдерге вакцина жеткізу үшін  арнайы орталық құрылуда. Бірақ  ол мәселені шеше ала ма? ол жағы белгісіз. 1,3 млрд халқы Үндістанда 16 миллион адам ғана екпе алған.

Б. Сатуов