Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматыда 7 жасар қызға азғындық жасамақ болған күдікті ақыл-есі кем ретінде есепте тұрған

AstanaTV
22.04.2021ж. 20:00
1372
Алматыда 7 жасар қызға азғындық жасамақ болған күдікті ақыл-есі кем ретінде есепте тұрған

Алматыда 7 жасар қызға азғындық жасамақ болған 19 жастағы жігіт ұсталды. Қалалық Полиция Департаментінің мәліметінше, күдіктінің   ақыл-есі кем. Арнайы есепте тұрған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдікті қамауға алынды. Бұл 2002 жылғы Ф. Есімді азамат. Ер адамдың ақыл есі кем деп есепте тұрғаны анықталды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 124 бабы, 1 бөлігі бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

Оқиға Түрксіб ауданындағы көпқабатты үйлердің кіре берісінде болған. Күдіктінің әрекеті подъездегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған.Ер адам жоғары қабатқа көтеріліп бара жатқан кішкентай қызды ұстап алып, арам ойын іске асырғысы келеді.  Абырой болғанда, қыз оның қолынан сытылып шығып, анасына хабарласып үлгерген.  Күдікті көп ұзамай-ақ қол түсті. Ал жүйке жүйесі бұзылған адамның қалай емін-еркін сайрандап жүргені әзірге белгісіз.  Себебі дәрігерлер мұндай науқастардың міндетті түрде бақылауда болуы керек екенін айтады.

Надежда ПОЛУМЫСКОВА, АЛМАТЫ қ. ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жергілікті медициналық мекемелердегі дәрігерлер аудандарында мұндай психикалық ауытқуы бар адамның тұратынын біледі. Олар тіркеуде тұрған азаматтың жағдайын үйіне барып жиі қадағалауы қажет. Сөйлесіп, ақыл-есі кемдігінің одан ары ушығуын байқаса жедел психикалық орталыққа хабарласуы керек.

Ә. Лесбек