Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ветеринарларды жыл сайын оқытқанмен, маман тапшылығы жойылар емес

AstanaTV
22.04.2021ж. 20:00
1583
Ветеринарларды жыл сайын оқытқанмен, маман тапшылығы жойылар емес

Соңғы үш жылда ветернар маманын дайындайтын он жоғары оқу орнында үш жарым мыңнан астам студент білім алған. Бірақ мал дәрігері тапшылығы жойылар емес. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында, депутат Мұхтар Жұмағазиев осы мәселені көтерді. Оның айтуынша, бұл салада кемшілік көбейген. Әріптесім Бекболат Сатуов, мәселені зерттеп көрді.

Бұл Елорда іргесінде орналасқан Нұресіл ауылдық округінің ветеренар маманы Меруерт Мағашар. Аядай ғана әкімдікті паналаған ол, бүгінде үш мыңнан астам түтіні бар ауылға жалғыз өзі қызмет көрсетеді. Он жылдан астам еңбек етіп келе жатқан маман, әлі күнге дейін мардымсыз жалақымен күнелтіп жүргенін айтады. Саладағы сан проблемадан шаршағанын да жасырмайды.

Меруерт МАҒШАР, НҰРЕСІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ВЕТЕРЕНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бізде жалақы аз. Тем боле біздің жұмыс ауыр, оған біздің жалақымыз татымайды. Ветеренарный пункт болуы қажет бізде. Машинамызды қоятын гаражымыз болуы керек. Оның бәрі бізде жасалып жатқан жоқ қазір. Былай айтқанда вет. Техник болуы керек менде. Помошник. Мына жерде ветеренар главный болғандықтан, мен көбінде іс-қағаз жағында жүруім керек қой.Ал вет техник, бізге қосымша қан алу, вакцина салу, соның бәріне жүру керек. Ал ондай маман бізде жоқ қазір. Ал оның бәріне мен өзім жұмыс жасаймын.

Елде ветеренария мамандығы бойынша 10 жоғары оқу орны бар. Солардың бірі Нұр-Сұлтандағы Сәкен Сейфуллин атындағы университет. Мұнда бүгінгі таңда мыңға тарта студент бар. Жыл сайын кемі 150 студент диплом алады. Алайда мардымсыз жалақыдан соң, жастардың дені мамандықтан бас тартатын көрінеді.

Сәрсенбай ӘБДІРАХМАНОВ, С.СЕЙФУЛЛИН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:


Төмен айлық мал дәрігерлерінің. Жұмыс ауыр, әсіресе көктемде, күзде барлық малдарды емдік шаралардан өткізу керек. Сонымен қоса, жаңағы ауыл жағдайда қазіргі жастар, барлығы қалада тұрғысы келеді. Жағдайы, интернет болсын, басқа жағдай болуы керек. Сондықтан ауылдарда ондай жағдай болмаған соң, жастар бас тартады.

Сенатордың мәліметінше, елдегі 203 ветеренариялық станцияның 104 ғана меншікті нысанда орналасқан. Ал қалғаны жалдамалы орындарда жүр. Ал, ауылдағы жағдай тіпті мүшкіл. Ондағы ветеринар дәрігерлердің 91 өз үйлерінде жұмыс істеуге мәжбүр.  Бұл өз кезегінде мамандарды жұмысқа тартуда, қиындықтар тудырады деді, депутат.

Мұхтар ЖҰМАҒАЗИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жоғары және орта арнаулы оқу орындары жас мамандарға деген тұрақты сұранысты қанағаттандыра алмай келеді. Осы салаға жұмысқа келгендер еңбек әрі тұрмыс жағдайы болмауы салдарынан жұмыс орындарында аса көп аялдамайды.

Сенатордың дерегінше, жоғарғы оқу орнынын 5 жыл оқып, қолына диплом алғандары мамандығы бойынша жұмыс істеуге құлықсыз. Мәселен 2018 жылы 79 пайызы жұмысқа орналасса, былтыр 50 пайызы ғана ветеринар болуды құп көрген.  

Б. Сатуов