Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ШҚО дәстүрлі қазақ медицинасы қолға алынды

AstanaTV
23.04.2021ж. 20:00
1165
ШҚО дәстүрлі қазақ медицинасы қолға алынды

Елде алғаш болып, Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі қазақ медицина орталығы ашылады. Мұндай жаңалықпен аймақ басшысы Даниал Ахметов бөлісті. Оның айтуынша, өңірдегі басты бағыттың бірі – туризм саласын дамыту. Сондықтан Тәуелсіздік алған сәттен бастап, қарқынды дамып жатқан саланы одан әрі жетілдіреміз деп отыр. Мәселен, карантинге дейін келушілер ағыны 700 мыңға жетсе, қазіргі қиындыққа қарамай туристер санын 1 миллионға жеткізу жоспарланған. Толығырақ тілші материалында.  

Алакөлдің ел естімеген сыры көп. Көл суында адам ағзасына пайдалы минералдар жетерлік. Мұны ескерген облыс басшылығы келер жылы шипажай салуды жоспарлап отыр. Осылайша емдік қасиетке бай дәстүрлі медицинаны қайта жаңғыртпақ ниетте.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Әр түрлі жарақат операцияларын емдеуді айтыңыз. Бізде сынықтарды қалпына келтірген адамдарды сынықшы деп атайды. Мұндай емдеу әдісі сонау ата-бабаларымыздан қалған үлкен мұра. Оны сақтап қалып, келер ұрпаққа жеткізу біздің басты міндетіміз. Ал оны елдегі маңызды салады қолдана білу тіптен кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады.

Өңір атқамінерлері тек мұнымен тоқтап қалмаймыз,- дейді. Ауыл туризмін дамыту үшін арнайы бағдарламалар әзірленген. Алдағы уақытта Берел ауылының 27 тұрғыны үш апталық онлайн оқыту курсынан өтеді. Онда, кәсіпті дамыту тетіктерін үйренетін болады.

Марат ҚАБАҚОВ, ШҚО ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазірдің өзінде "Бизнес-бастау" бағдарламасы аясында оқуға 27 ауыл тұрғыны ниет білдірді. Сертификат алғаннан кейін, семинар қорытындысы бойынша олар 3-тен 5 миллионға дейінгі кепілсіз гранттар алу үшін "Бизнестің жол караты 2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды дайындайды және конкурсқа тапсырады.

Жетекші ғалымдар археология бойынша облыстық бағдарламаның арқасында көшпенділердің өмір салты мен өнеркәсіптік мәдениетін танытуға ниетті. Бұл туризмнің тағы бір танымдық бағыты.

Зейнолла САМАШЕВ, Ә.МАРҒҰЛАН ат. АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
 
 Бұл біздің тарихымыздың бір бөлігі, біз ежелгі тарихымыздың кейбір сәттерін, ұрпақ санасына сіңіреміз. Осылайша азаматтар ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін, қалай киінгенін, не жасағанын біле алады.


Осылайша Шығыс Қазақстандағы туристік сала көп қырлы және экономикалық тиімді бола бастады. Пандемияға дейін 2019 жылы аймаққа 700 мыңға жуық турист келген. Енді алдағы маусымда, бұл көрсеткішті миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Ғ.Өтемісов