Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда орман арасындағы өрттен ер адамның мәйіті табылды

AstanaTV
26.04.2021ж. 20:00
1358
Павлодарда орман арасындағы өрттен ер адамның  мәйіті табылды

Павлодарда Ертіс өзенінің қойнауындағы өрттен ер адамның өртенген мәйіті табылды. Мүрдені өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау кезінде тапқан. Әзірге мәйіттің бет-бейнесі анықталған жоқ. Полиция тексеріп жатыр. Павлодарда демалыс күндері 3 өрт және 11 жану оқиғасы болды. Салдарынан 143 саяжай учаскесіне зақым келген. Мамандардың айтуынша, өрт абайсыздықтан болған. Тұрғындар құрғақ шөпті өрттеп, оның соңы тілсіз жаудың күшеюіне әкелген дейді.

Алексей ДВИНЯНИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мәйітті  «Жаңа-қала» ауылының аумағынан таптық. Біздің ойымызша, бұл кісі балықшы болуы мүмкін.  Денесін сараптамадан өткізу үшін полицияға бердік. Өлімнің себебі анықталынатын болады.


Ө. Қуанар