Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылордада қалалық демалыс паркіндегі кәсіпкерлер шу шығарды

AstanaTV
26.04.2021ж. 20:00
2245
Қызылордада  қалалық демалыс паркіндегі кәсіпкерлер шу шығарды

Қызылордада бір топ кәсіпкер шу шығарды. "Қалалық демалыс паркіндегі бизнес нысандарымыздың жұмысы жүрмей, банкротқа ұшыраудың  алдындамыз"дейді олар.  Себебі өңір «қызыл аймаққа» енгендіктен парктің ашылуы кейінге шегеріліп отыр.

Қалалық демалыс паркінде бизнес нысандары бар  кәсіпкерлер ашулы. «Былтыр да қыруар қаржы құйдық бірақ, бір айға жетпей  парк жабылды» дейді. Ал биыл өз маусымынан ерте  ашылады деп жоспарланған демалыс орны  облыс «қызыл аймаққа» енгендіктен тағы да жабық.  "Бұлай жалғаса берсе, кәсібіміз күйрейді" дейді наразы топ.

Натали ГЕН, КӘСІПКЕР:

Біз екінші жыл аша алмай отырмыз. Былтыр 17 күн ғана жұмыс істедік. Биыл парк ертерек ашылады деген. Біз де  ережеге бағынайық, карантин талаптарын сақтап,  жұмысты бастайық дегенбіз. Бірақ бізге енді  рұқсат бермей отыр.Онсыз да бұл маусымдық жұмыс. Шынын айтсақ, қазір біз банкротқа ұшыраудың алдында тұрмыз.

Қарлығаш АБДІМАНОВА, КӘСІПКЕР:


1 мамырда парк ашылатын. Бірақ парктің әкімшілігі 23 сәуірде ашылады деп айтты. Сондықтан ремонтын істеп, шығындалып, дайындалдық. Қазір карантинге байланысты ондай болмайды деп тұр. Азаннан бері қала әкіміне де, облыс әкіміне де, СЭС-ке  де барып жатырмыз. Бірақ ешқандай мәселе шешілмей жатыр.

Санитар мамандардың айтуынша, бұған дейін паркті мерзімінен бұрын ашу туралы әңгіме болмаған. Себебі  аймақта эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Сондай-ақ, кешқұрым уақытта,  вирустың өршу қаупі жоғары дейді олар.   «Сондықтан дәл қазір нақты шешім айта алмаймыз деп отыр.
   
Әлия ӘБДІҚАЙЫМОВА , ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИЯЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Эпидемиялық ахуалды талдай, бағалай келе ол мәселе шешіледі. Бүгінгі күні бізде кәсіпкерлермен біргеміз. Бізде жұмысының тоқтамағанын қалап отырмыз. Қай жағдайда кәсіпкерге де, халыққа да ауыр тимесін. Бірінші майға дейін әлі шешім толық қабылданған  жоқ. Әлі де шектелмейді, максимально кәсіпкердің жағдайын жасаймыз. Бірақ талаптарды да қандай қойылатынын айтамыз.

Қалалық демалыс паркінде 70-тен астам кәсіпкерлік нысаны бар.  Шу шығарған шағын кәсіп иелерінің айтуынша, саябақ аумағындағы жабық ғимараттардың жұмысы жүріп тұр.  Сондықтан біздің де ісімізге тоқсауыл қоймай,  табыс табуға мүмкіндік берсе" дейді олар.   
 
М. Тоқтасынқызы