Семейде бірнеше шенеунікке қатаң сөгіс жарияланды. Мұндай шешімді облыс әкімі Даниал Ахметов қабылдады. Себебі өңірде короновирустан қаза тапқандардың саны күрт өскен. Бұл сала мамандарының жауапсыздығынан,-деді әкім. Жыл басынан бері облыста 25 адам өлімі тіркелсе, соның 23-і Семей қаласының тұрғыны. Сондай-ақ арнайы комиссия қаланың медициналық мекемелерінен бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған. Осыған байланысты денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары мен жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігеріне қатаң ескерту жасалды.
Даниал АХМЕТОВ, ШҚО ӘКІМІ:
Семейге облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан бастаған жұмыс тобын жіберемін. Ол қала "жасыл" аймаққа шыққанға дейін сол жерде жұмыс істейтін болады. Сондай - ақ, бұл топқа әрбір өлім жағдайы бойынша тағы да егжей-тегжейлі тергеу жүргізуді тапсырамын!
Жалпы елдегі жағдай әлі күрделі. Соңғы тәулікте 2716 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 10 өңір "қызыл аймақта".
Ғ. Өтемісов