Алматыдағы «Жас қанат» ықшам ауданының жүзге жуық тұрғыны түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған. Жүргізілген құрылыс жұмыстарынан үйдің терезесі сықырап, қабырғасы дірілдеп, жұртқа маза бермейтін көрінеді. Бір жарым ай бұрын жекеменшік жерді үш метрлік қоршаумен қоршаған құрылыс компаниясы көп қабатты тұрғын үй салмаққа кірісіпті. Ал әкімдік болса, жұмыстың заңсыз екендігін айтады. Мəселенің мəн-жайын Олжас Нұржақып анықтады.
Олжас Нұржақып, тілші:
Адам өтпек түгілі, ішіне қараудың өзі қиын, мына қоршау осыдан бір жарым ай бұрын тұрғызылған. Содан бері техника гүрілі мен дірілі басылар емес. Тұрғындар тоқтаусыз жұмыстан əбден мезі болған.
12 сағат күніне бізде жер сілкінісі болып жатыр. Сатып алған адамдар 9 этаж үй саламыз деп котлован қазып жатыр. Сол күніге бізде жер сілкініс, 3-4 баллға дейін. Терезесі сынып жатыр, қабырғасы жарылып жатыр. Менікі уже жарылды. Бұрыштары жарылды. Бәрі керемет болады дейді. Кім кепіл бола алады 9 этажды үйлер салынса. Біз ондайды қаламаймыз.
Мен ауру адам, сағат 3-те жатамын. Сол уақытта үй сілкініп жатады. Терезе сақырлайды. Қалай сонда 3 ауысым болып жұмыс істемейсіңдер дедім. Жоқ, біз үш сменмен істемейміз деді де есігін жауып тастады. Сіздермен сөйлеспейміз деп.
Құрылыс алаңында жоба куәлігі ілінбеген. Жергілікті биліктің ақпаратына сенсек, құрылыс «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік компаниясының тапсырысымен «Талас» ЖШС іске асырып жатыр.
Бірақ, әкімдік өкілдері барлығы заңға қайшы екенін айтты. Дегенмен, жоспар бойынша мұнда көпқабатты тұрғын үй салынады, бірақ қазір емес, дейді.
Айдос Бекетаев, Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының коммуналды-шаруашылық бөлімінің басшысы:
Жасалған жұмыстар заңсыз. Құжаттары тапсырылмаған. Не сәулет басқармасына, ешқайсысына тапсырылмаған. Олар жұмыстарын тоқтатқан. Қадағалайтын құзырлы орган өздері әкімшілік хаттама толтырады. Өздерінің реестері бар. Сонымен өз құзырына қарап шара қолданады.
Дей тұрғанымен, тоқтаусыз жүрген жұмыстан әлеуметтік кәсіпкерлік компаниясы мүлде хабарсыз болып шықты. Тіпті, мұндағы істің тіркелмегенін айтып отыр.
«Алматы» ӘКК өкілі:
В микрорайоне «Жас канат» у нас нет никаких объектов. Нет, «Жас канат», однозначно, нет.
Үш метрлік қоршау сол күйінде ашылмады. Тұрғындар да, əкімдік те амалсыз есіктен кері қайтты. Заңсыз құрылыс енді толық тексеруге алынбақ. Ал жергілікті жұрт шығын көлемін есептеп, сотқа жүгінбек.
Олжас
НҰРЖАҚЫП