Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан короновирус анықталды. Бұл туралы ол өзінің фейзбук парақшасында жариялады. Төраға пандемияның екпіні әлі бәсеңдемегенін айтып, елді барынша сақ болауға шақырды.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ:
Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан , соңғы сынама нәтижесінде короновирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын.
Б. Сатуов