$498.34 €519.72 ₽4.85
×

LRT ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

AstanaTV
27.04.2021ж. 20:00
1974
LRT ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

LRT ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды. Себебі  іске қатысты жаңа деректер, түсініспеушілік пен күдіктер пайда болған. Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас осылай дейді. Сотталушылар қатарында қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, бұрынғы мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, «Astana Innovations-тың» бұрынғы басшысы Талғат Әшім бар. Сондай-ақ түрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсенов пен Дәурен Абдыхамитов бүгін тағы да жауап берді.

Қажымұқан МЕКЕМТАС, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Тыйым салынған мүлік бойынша қаралып отырған іске байланысты бірқатар мән-жайды анықтау үшін жасалды. Істің мән-жайын анықтау керек. Сот тарапынан сотталушы Абдыхамитовке қатысты бірнеше сұрақ туындап отыр.


Жеті сотталушыдан бөлек елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков, «Астана LRT» басшысы болған Талгат Ардан халықаралық іздестірілуде. Еске сала кетейік,  іс сотқа өткен жылдың 2 қазанында жолданған болатын. Алғашқы отырыс былтыр 29 қазанда өткен.

Ә. Өмірзақ