$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда басынан соққы алған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды

AstanaTV
27.04.2021ж. 20:00
2889
Атырауда басынан соққы алған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды

Атырауда басынан соққы алған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды. Өзіне қол салған марқұмның жақындары бүгін БАҚ өкілдерімен кездесіп, олардың азаматтық некеде тұрғанын айтты.

Марқұмның жақындарының айтуынша, екеуі былтыр желтоқсан айынан бастап, жігіттің ата-анасымен бірге тұрған. Келіншекті ағайын-туысының бәрі танитынын айтады. Тіпті келіндік қызмет көрсетіп, шәй құйып отырған фотосуреттерін дәлел қылды. Олардың бұған дейін бірде бір, "шәй" дескенін байқамадық,- деп отыр. Сондықтан «бір ай бұрын танысып, қыр соңынан қалмай, зорлық-зомбылық көрсетті»,- деп ақпарат төбемізден жай түсірді дейді.

Шұғыла ШӘРІПОВА, ЖЕҢГЕСІ:

Жұмыстан келеді. Кешкісін шәй дайындайды. «Ата, система алып болсаңыз, келіңіз стол басына»,- деп шәй дайындайды. Тамағын пісіреді, мантасын жасайды. Ауру адам не тамақ сұрайды, соның бәрін жасап береді. Екеуің арасында болмаса, бірақ біздің көзімізше олардың төбелесіп жатқанын, айғайласып жатқанын ондай көрмедік.

Құрманбике ҚУЛЕСОВА, ӘПКЕСІ:

Арызды біреу береді онлайн. Мына қыз барады да, «мен берген жоқпын»,- деп кері алады. Екі үш рет солай арыз түскен. Бұл қыз өз қолымен кері алып тұр. Арызды кері қайтарып алған соң милиция жіберіп қоймай не істейді оны.


Айта кетейік, бұған дейін үш балалы келіншекті танысы басынан балғамен ұрып есінен тандырып, өзі асылып қалғанын айтқан едік. Ал жәбірленушінің әпкесі сіңлісінің бір ай бойы зорлық-қомбылықтың құрбаны боп келгенін, оған полицей бей-жай қарағанын айтқан болатын. Қазір зардап шеккен келіншек ауруханада жатыр. Аталған оқиғаға салғыртық қараған полицейлерге қатысты тергеу басталып кетті.

Б. Надірқызы